МАХМЕТ ТЕМІРҰЛЫ ҚУЛН ҚАЗАҚ АЗА ТТЫҚ АЛҒАНЫҢЛ Қазақстан Қарағанды 2002 ж. Темірулы М. ҚУАН ҚАЗАҚ А5АТТЫҚ АЛҒАНЫҢА. - Қарағанды ТЭФФИ, 2002. - 176е. Махмет Темірүлының бүл кітдбына эр жы.пда жазыл-ған аіеңдерімен бірге толғаулары да, дастандары да кірген. "Қуан кадак азадтық а.іғаныңа" деген толғау-ында бұрын отарлық бүғауда болып, кеніннен тота-литарлык қысымды басынан кешірген халық үшін азаттық алудың кандаіі мацыды бар екенін айқын ашып береді. "Мешкей мешін" дастанында 1932-33 жылдары аштыққа үшырап, түтас күрып кетуге айнал-ған қазақ халқының ауыр жағданын шебер суреттеп корсетеді. "Уызбай- Бикеш" дастаны бүрынгы өткен кезендегі бүкіл кагак ха.дқының, жастардың елге, жерге деген махаббатын каііргі жастарға үлгі етіп кор-сетеді. Қорыта айтқанда окырманның отан сүйгіштік рухын көтере түсетін кітап. Кітап копшілік оқырманға арналады. І8В^ 5-7667-9851-2 © ТЕМЕРУЛЫ М., 2002 МАХМЕТ ТЕМІР¥ЛЫ ТОЛҒЛУЛЛР (БІРІНШІ ТАРАУ) ҚУАН ҚАЗАҚ АЗАТТЫҚ АЛҒАНЫҢА! /Азап пен азаштың жайында толгаулар/ Қуан, қазақ азаттық алғаныңа! Жаңа жеттің аңсаған арманыңа. Қорлық, азап, қырғынға душар болып, Ө.імей аман өмірде қалғаныңа. Нурын шашып еліме турған жайнап, Аспан түстес төбеңде көкшіл байрақ. Жер де, кен де, мал-мүлік өзіңдікі. ¥қсата біл, ие бол белді байлап. Ерік тиді өзіңе енді бүгін, Байлық қылып пайдалан жердің түгін. Мыңғыртып мал өсір, зауыттар сал, Еңбек етсең келмей ме бәрі тегін. Өз жеріңнен көрсейші өзін панда, Қымтырылмай, қысылімай еркін жайла! Сары қымыз сапырып, қазы шайнап, Шүрқыратып қүлынын бие байла! Ие кылмай дәл бүгін мал мен жанға, Жармасатын жабысып адам бар ма?! Жерді көркейт, өзің де көркейесің, Еңбек етіп ерінбей қолыца а і да. Қуанатын күн туды, қуан халқым! Бүгін ғана ашылды жүзің жарқын. Сақауланбай қазақша сайрасаңшы, ¥мыт болған жаңғыртып ата салтың. Тілден, діннен жеркеніп, елден безіп, Туған жерден кетпекпіз қайда кезіп?! Өскен аймак, еліңнен қымбат бар ма, Іс кылмаймыз қалаГшіа мұны сезіп. Көз жіберіп, ойға алшы өткен күнді, Басқа түскен қайгылы қара түнді. Дос табылмай, дүшпаның басқа шығып, Мазақ қылып, масайрап, шат боп күлді. Ел едік ен далада ойнақ салған, Мыңғырып ой, қырында мал жайылған. Жазира байтақ өлке қызықтырып, Патшаның екі козі қанталаған. Қысылмай, қымтырылмай еркін жайлап, Жүруші ек көк шалғынға бие байлап. Ағызып көзден жасты, зар еңіретіп, Қоныстан атамекен шықты-ау айдап. Қайран жүрт шарасыздан жерден безген, Таба алмай жайлы қоныс, қанғып кезген. Жапанда малы жүтап, ақ сүйек боп, Қиын күн басқа түсіп, еңсені езген. Патшаның жендеттері бізді қорлап, Қырғын сап, бағындырды елді зорлап. Қаптатып қара шекпен мүжықтарын, Мақсаты - жер мен суға ие болмақ. Қоштасып туған жермен елім ауып, Қайғылы бастарына түсті қауып. Келімсек көкмайсаға ие болып, Сайрандап жерімізде салды сауық. "Қайтеміз есептесіп мүныменен, Халық қой аң сияқты бізден төмен", - Оіілады осылаіі деп басқыншылар Қазақты жеркенішпен "киргиз" деген. Сырымдаіі, Кенехандаіі ерлер туып, Исатай, Махамбетті намыс буып, Босатып қазақ жерін қас дүшііаннан, Айқаста шығам деген елден куып. Ісіне қатал тағдыр бар ма шара, Ерлердің жүрегіне түсті жара. Кенехан қаііғы жүтып елден ауды, Қазақтың кең даласы болмай пана. Ерлерім азаттықты армандаған, Не керек, мақсатына жете алмаған. Қол жеткен көп адамды қанға бояп, Азаттық неткен қымбат сенің бағаң! Болар ма мүны ардақтап, бағаламай, Бүл жолда қүрбан болды ерлер талай. Асылды қолға түскен қүрметтейік, Қорғайық жанды салып жалтақтамай! - II Дүр сілкінді дүние патша қүлап, Қуанысты халықтар жүрген жылап. Бостандықгың сезіліп желі ескендей, Бір бірінен мәз болды сүйінші сүрап. Халқы үшін қайгырып, қамын жеген, Ерлерім де желпінді елім деген. Еркіндікке жол созып талпынады, Сескенеміз дегендей енді неден. "Қызыл" шыкгьі кан түстес туын алып, - Теңейміз! - деп, жүргенді қажып, налып. Көпірме сөз, уәдеге нанып қалды Азаттықты армандап жүрген халық. Бүған қалай шаттанып, қуанбасын, Кемсітпейміз дегенге адам басын. Тиылар деп ойлады жарылқанып, Еңіреп жүрген зар илеп көздің жасын. Жасып қалған соққыдан әбден ығып, Бас көтерді қазақ та жатқан бүгып. "Алашым! " деп ту алып үрандады, Елін сүйген егілген ерлер шығып. - Қүтқарам, - деп қүлдықтан туған елін, - Жан пида, - деп елі үшін буды белін. Басқа тонген қатерге қарамады, Сескенбеді таянып түрса да өлім. Мал таланып, түңіліп шыбын жаннан, Қорқауларға жем болып, ел тоналған. Наразы боп, қылтиып бас көтерсе: Ұрып-соғып кылышпен қан ағызған. Адам-ау деп қазақты санамаған, Обалына ешкімнің қарамаған. "Кііргііз" қүрып жоқ болса болсын десіп, Шалыс басса аяғын табалаған. Мүндай қорлық халықтың жанын жеген, Жан қалмады жасы ағып тогілмеген. Козі корген саналы азаматтан, Кім қалады елі үшін егілмеген?! Қауіпке де қарамай тұрған төніп, Жүрмейміз, - деп қүл болып енді көніп. „Алаш" туын көтеріп желбіретіп, Риза болды ел үшін кетсе де өліп. Ахмет, Міржакыптар үран салып, Жатпайды оянсын деп бүкіл халық. Алаштын елін сүйген азаматы Аттанды қолдарына қару алып. Аямады қызылдар тірі жанды, Сорғалатып ағызды қызыл қанды. Басшы болған қазақтың кесемдерін, Қамауға алып, теп-тегіс қырып салды. Тектен-текке азаттық келді деме, Терең ойлап үқпаймыз мүны неге?! Төгілді қан, бүл жолда шабылды бас, Жеп-жеңіл боп келгендей білмегенге. Азаттықты аңсадық талай ғасыр, Той тойлаймыз бүгінде айран-асыр. Егеменді еліміз келеді өсіп, Мүнан қымбат не болмақ, мүнан асыл! Артта қалды жат жүрттан көрген азап, Жігерленіп, желпініп қуан қазақ! Ие болған байлықты пайдага асыр, Қүл бас болмас" дегізбей, болмай мазақ. III Көз жіберсем толғанып өткен күнге, Қан жүтамын қайғырып тіпті мүлде. Айырылып қазақша рух, қасиеттен, Қүр Қалқайып, қарайып қалды сүлде. Зілзала ауыр күндерді бастан кешіп, Ел бола алмай қиналдық өркен өсіп. Қызыл қырғын сүмдыққа душар болдық, Кете жаздап дуниеден мүлдем өшіп. Ойыма алсам үйқым жоқ, тамақ өтпес, Жара түсті жүрекке өмірі ошпес. Бір мың тоғыз жүз жылың отыз екі /1932/ Қаралы жыл қазаққа естен кетпес. Зүлымдықпен ойланып барлық ісін, Қам жасапты қазақты күрту үшін. Есеңгіреп кетемін есім ауып, Қан жылаймын қайгырып, күйіп ішім. Қазақтың зорлап тартып малын алды, Қайран ел түк таба алмай нәрсіз калды. Жүдеген ақсүйек боп малдан жаман, Жусатып қан шыгармай қырып салды. Жүрдай қып мал - мүліктен қылды тақыр, Орнады ел басына заманақыр. Салынган әрбір үйдің астын қазсаң, Қазақтың аштан өлген басы жатыр. Апат келіп, аштықтан қырылмаса, Өсер еді ау көбейіп қазақ қанша! Туган жерде көп халық өзі болып, Жүрер едік аяқты алшаң баса. Қазақ үшін жалгасып қаралы күн, Жоқ боп жатты адамдар шыгармай үн. Қайда кетті?.. Не үшін?.. Жан білмейді, Жауап бермес, үндемес бүган ешкім. IV Бір кеткендер үйіне оралмайды, Не болды? - деп қорқады, сүрамайды. "Халық жауы" десе оны болып жатыр, Үрке кашып маңына жоламайды. Бүл сүмдықта арқага жаман батгы, Суық ызғар денеге тиді қатты. Жол бастайтын серкедей асылдарын Қамауға алып, азаптап, атгы, жапты. Қаларлықтай жан сақтап таппай пана, Соққы тиіп, көп жанға түсті жара. Асырайтын әкелер айдауда өліп, Жесір қатын күңіренді, жетім бала. Қаралы күн, қайғыны козбен кордік, Үн шығармай көз жасқа ерік бердік. Ауызыңды ашқызбай, жөн сүратпай, Қинаса да қор қылып біздер көндік. V Қорыққаннан жалындық жауды мақтап, Жүре алмадық еркімен аяқты аттап. Өшіп жатып, еркендеп келеміз деп, Лепірдік-ау жағыңып, жарамсақтап. Кейбіреулер сол зүлым заманды аңсап, Ірітіп жүр ел ішін зарлап, қақсап. Жалғыз тиын халыққа пайдасы жоқ, Армандаған мақсаты - биік мансап. Кейбіреу жақсы атанып, жылтырап кеп, Жасырар арам ойын жалған сөйлеп. Жамылған қой терісін алаяқтар, Масайрап мәз болады халықты жеп. Байқа қазақ, мұндайдың соңына ерме, Ондайларға билікті бере көрме! Елдің емес, өз қамын ойлайтындар, Шаң қаптырып, қаратып кетер жерге. Өз елінен, Отаннан журген жеріп, Кейбіреуді көзіміз жүр ғой көріп. Көтеріп ата даңқын, ата салтын, Қазақтық рухыңды сақта берік. Жалтақтама, жасқанба асып - сасып, Адымда алға аяқты алшаң басып! Қүлдық мінез қалатын уақыт жетті, Сескенеміз қорқақтап неден жасып?! Қуанагын күн туды, қуан қазақ! Артта қалды қайғың да, көрген азап. Ерікті ел боп, колыңа билік тиді, Ел бола алмай өзгеге болмай мазақ! VI Дүрліктірді батыстан дауыл түрып, Қаратпады жан-жаққа мойын бүрып. Аман калған аштыктан жас өрімді, Соғыска айдап апарып салды қырып. Сорлы елімнің соңынан кырсың қалмай, Оты сөніп жоғалды үйлер талай. ¥рпақ қалмай қүрыған туыстардың, Толтырарсың тугендеп орнын қалай?! Өшіп кетпей дүниеден қүрып мүлде, Талмаусырап жеттік-ау осы күнге. Қалай шат боп, қалайша қуанбайын, Қасты тиган жарылқап жаңа өмірге. Еңбек кылып ерінбей, буып белді, Шира қазақ, ширайтын кезің келді. Бар байлықты қоймадан копарып ал, Бүркыратып шыгарып, казып кенді. Айтқанменен жоқпыз деп күнде зарлап, Не түседі ағызсақ жасты парлап? Талаптанып, талпынып көрейік те, Өркендейтін кәсіп қып, жанды қармап. Байлық, бақыт келеді еңбекпенен, Өскен елдер еңбекпен өркендеген. Бақыт қүсын қондырар еңбек қана, Ештеңе жоқ теп-тегін көктен келген. Біз бүрын да көрдік кой еңбек етіп, Кен де қаздық, мал бақгық суық өтіп. Ие болып, игілік коре алдық па Жатпады ма бар байлық шетке кетіп?! Болып келсе бар байлық өзгенікі, Тапқан табыс, байлығың озіңдікі. Өзімдікі дегенде өршеленіп, Ұстағайсың көңілді көтеріңкі! Ойлайықшы, біз бұрын не көрмедік, Журдай болдық рухтан - елдік, ерлік. Қулдан жаман қорғалап күн өткізіп, Қисық ісін өзгенің дүрыс дедік. Қарсыласпай, үндемей шыдап бақтық, Өлермер боп өзгенің отын жақтық. Жан саугалап, қоргалап жүргенінен, Ойлансаңшы, біз қандай пайда таптық?! Жүрдай болып айырылып тілден, діннен, Жастарымыз түк сезбей мәңгүрттенген. Өз қағынан жеріген қүландай боп, Қазақ сөзі, қазақша салттан безген. Елдің қамын ойлайтын жан қалмады, Ойлайтындар қорқақтап жан қармады. ¥лттық рух, намыс жоқ - жолбикелер Жарамсақтық пигылдан бір танбады. Аталардан асыл сөз қалған мирас, "Шыдамның да шегі бар" дегені рас. Қатты тисе қорлығы намысына, Қандай халық болса да қарап қалмас. Кім білмейді кешегі желтоқсанды, Жоса қылып агызган қызыл қанды. Қазақ даңқы, рухы көтерілді, Ар, намысқа пида гып шыбын жанды. Кеудемсоқтар біздерді халық демей, Қорлап бақты жетімдей өскен өгей. Ашу, ыза булыққан аспанға атты, Токтатса да хайуанша қанмен бөгей. Сүйреткенде үстап ап бүрымынан, Қазақ қызы талықсып шырылдаган. Азаттыққа үмтылған арулардың, Жан дауысы кетпейді қүлагымнан. Қазақ үні жер жарып аспандаған, Ел қалмады естіліп таралмаған. Азатгық деп үрандап алға үмтылды, Енді ешкімге сескеніп қарамаған. Қиналған жан қамалап іші толған, Бүкіл жүртқа қорқыныш түрме болған, Қаһарынан халықтың теңселіп кеп, Быт-шыт болып күйреді қызыл қорған. Қоргалақтап, түншыгып, жатқан бүғып, Ес жиды еркіндікке өлім шығып, Азаттық, қандай асыл, қандай қымбат, Бірігіп іс қылайық осыны үғып! Жүгінді өршеленіп өрге сүйреп, Шаруаңды түзетіп ал қалған күйреп. Кезің сал шетте жүрген ағайынга, Азайып туған жерде кеттік сиреп. Әр жерде әркімдерден көрмей азап, Жиналып бас қосайық бүкіл қазақ! Біріксең тас түйін боп Отаныңда, Өмірге қолың жетер сонда ғажап! Қазақтан қазақ басқа дос таппайды, Өгейсіп өзге болса, іш тартпайды. Емес пе қаны бірдің, жаны да бір, Жаны ашып, төнсе қауіп жай таппайды. Отаным жан тербетер алтын бесік, Тілеймін көркейсін деп халкым өсіп. Қол бұлғап көк байрағым шакырып тұр, Келсін деп бауырларым теғіс көшіп. Қойынды туыстарга айкара ашып, Келғенін карсы алайык шашу шашып. Аздыктың кутылайык азабынан, Көтертпей кеудемізді келген басып. Бостандык Алла берген үлкен сыйлык, Төгілген кан аралас жасты тидык. Жолында азатгыктың күрбан болып, Аянбай арпалысып жанды кидык. Қадірін еркіндіктің білген адам, Басады ныгыз аттап алға қадам. Қүлдык не? Азаттык не? Біле алмаса Өмірде жан болмайды мүнан надан. - Азаттык бізге әкеліп не берді? - деп, Ұнатпай кейбіреулер жүр күңкілдеп. Өткенді кайта оралмас армандайды, Даттайды жаңа өмірді күнде өсектеп. Шаттанатын күн туды, шаттан казақ! Азаттык алғаныңа мактан казақ! Көре алмайтын күндестей жауың да бар, Етек-жеңді түрініп, сақтан қазак! Отаным Қазакстан гүл жайнасын! Қүлпырып орман, көл де күс сайрасын! Молайып ет те, нан да, өссе өндіріс, Көрмейді азаттықтың кім пайдасын?! VII Таба алмай туған жерден казақ пана, Зарлады жан ұшырып кеше гана. Жазылмай жанын қинап келе жатыр, Атомның бомбасынан түскен жара. Аямай ажалға айдап, сыртқа теуіп, Төбеден қауіпті дерт түрды төніп. Өмірдің жерге біткен бәрі сөніп, Бүлактар сылдыр қаққан қалды кеуіп. Қорлыққа жан төзбейтін жүрдік көніп, Жоқ болды коп үйлердің оты соніп, Соғыстай бейбіт күнде бомба жарып, Адамға ажал қаупі түрды төніп. Халық қой деп қазақты елемеген, Желілерге апарып көгендеген. - Қалай өлер екен, - деп осы халық, Көктен, жерден у сеуіп төпелеген. Ел тілегін жарылқап, қүдай беріп, Бар азаптан қүтылып, алдық ерік. Қанат жайып Отаным өркендесін, Тәуелсіздік жемісін халқым көріп! Күн нүрымен түрленіп түрған жайнап, Аспан түстес төбемде көкшіл байрак. Қазақстан - Отаным дербес ел боп, Қуанышқа бөлеңді бүкіл аймақ. Әнұраным аспандап естілді аскак, Дұшпандарын ежелгі түрды жасқап. Жаңа жолдың, жаңа өмір салтын күрып, Елімді Назарбаев шықты бастап. Ел жаңа, өмір жаңа, қогам жаңа, Азаттық аясында таптық пана. Байлыққа, қазынага ие болып Жұмсайтын халқым бүгін өзің гана. Қорлаудың, кемсітудің бәрін көрдік, Болыппа қазақ үшін мүндай теңдік?! Теңдесіп тереземіз басқалармен, Ел болып егеменді қатарга ендік. Халық деп бүрын бізді елемеген, Білгендер өздерімен тең демеген. Қазақ кім? Қазақстан деген жер не? Шет елде бүл үгымды жан білмеген. Қүрметті бүгінгідей қашан көрдік? Жат жүртқа жан ашымас тізгін бердік. Итеріп орга жыгып, қүлатса да Қүл болып, қоргалақтап соңына ердік. Орнатып басымызға қара түнек, Қайгырды қиянаттан халқым жүдеп. Азаптың қара бүлты айықпады, Зүлымдық еңсе басып, кеткен үдеп. Қапаста демі бітіп, ел түншығып, Жасқанып бас котермей жүрген бүгып. Қамаған темір торға қыбырлатпай, Көрмепті ешбір қазақ сыртқа шыгып. Зарлатып қысымга алса, қалай жүрсін. Калайша еңселі боп, қатарға енсін?! Кеңестің көп қүлының бірі болған, Қазақтай бейшараны қаидан білсін! Алып тастап арқадан қүлдық жүгін, Ерікті ел боп отырмыз міне бүгін. Жар салып Елбасымыз таныстырып, Естіді бүкіл әлем қазақ үнін. Біріккен үлт бас қосқан үлкен залда, Таңырқасып қарады бір адамга. Қазақтардың Елбасы деген кезде Деп ойлады: - Мүндай да халық бар ма?! Қырандай бой қанатын алган қомдап, Түйдек-түйдек түсірді сөзді сомдап. ¥л туса дәл осындай бол дегендей, Отырды риза болып бәрі қолдап. Қазақстан дегенде Қазақ елі, - Осы гой - деп ойлады - оскен жері. Жер бетінде көрінбей қалай жүрген, Жол бастаса мынандай кемеңгері. Тәнті болып сүйсінді естіген жан, Кейбіреулер қарайды болып аң - таң. Мүндай халық өркендеп осер, - дейді Ел бастайтын данышпан ерді тапқан. Тыңдаушыга үққызып сөздің мәнін, Баурап алды өзіне жүрттың бәрін. Көрмеген, естімеген адамдарга Білгізді Қазақ деген елдің барын. Қазақтың мекен-жері шексіз аймак, Алтайдан Атырауға жеткен бойлап. Еркімен сайран салып, өніп, өсіп Масайрап кен далада жүрген жайнап. Арқада орда салып Абылай хан, Қазақтың тарап жүрген басын қосқан. Жат жүртқа елді, жерді бермеймін деп, Беттетпей талай жаудын жолын тосқан. Намыспен ерлік жолын куған сара, Еңіреп ел багына туган дара. Етегін ел жаңылып басқан кезде, Болыпты жерді қоргап, елге пана. Нүрсүлтан Абылайдың жолын куып, Қоргап жүр ел намысын белді буып. Арқаға көшіп келіп, орда салды Ежелгі хандар түрган жерге жуық. Қүрметтеп хан көтерген Абылайды, Мекенде қоныс тепті жанга жайлы. Жат жүртқа таңыстырып оз Отанын Қазақтың бар әлемге атын жайды. Таршылық жанды жеген қиын күнде, - Тәуелді болмайық,- деп, - енді ешкімге. Жан салып жасап жатыр бар амалын, Қүртам деп жоқшылықты жоқ қып мүлде. Жаңа өмір, өділетгі қоғам қүрып, Келеміз жақсылыққа бетті бүрып. Талпынбай, талаптанбай, еңбек етпей Молшылық келер деме қарап тұрып. Құл боп жүріп айттық-ау азатпыз деп, Өмір сүріп жатырмыз ғажап біз деп. Айырылсақ та салт-сана, тілден, діннен, Келе жатқан өркендеп қазақпыз деп. Жан сауғалап жүрдік қой жатты сыйлап, Қалай соған жағам деп жанды қинап. Көтеретін еңсені уақыт жетті, Дос, дүшпанды айырып, есті жинап. Болдық қой қорғалақтап бүғып, жасып, Адымда алға аяқты алшаң басып! Гүлденсін туған жерің, дос сүйсініп, Рухы дүшпандардың кетсін қашып! Отаным тәй-тәй басқан жас нәресте, Қорғайтын оны өсіріп біз емес пе?! Көтеріп үлттық рух, намысыңды, Туған ел көркейсін деп түс егеске! Бүгінде тәуелсізбіз, азат елміз, Шаттанып басты биік көтереміз. Жол ашық, мақсат айқын, үміт алда Жалтақтап енді неден бөгелеміз?! Күн туды қуанатын, қуан қазақ! Төбеміз көкке тимей түр ғой аз-ақ! Тағдырың не қылсаң да өз қолыңда, Келешек омірлерің болсын ғажап! Жайсаң жан туралы толғау (Ермек Мақанулына арнаймын) Жас жігіт шықты үйінен белді буып, Талпынып көреііін деп өнер қуып. Артында ата-анасы қала берді Жері де көзге ыстық өскен туып. Арманы - көкте самғау бала жастан, Мақсат жоқ омірінде мүнан асқан Қол бүлгап бәріне де кете барды. Жылаган шешеге де қарамастан. Бой бермей қиындықтың түсауына, Коңілі үшқан қүсқа үқсады да Шегініп алган беттен қайтар емес. Келеді тәтті ойлардың қүшагында. Өзіңе серік болган бала жастақ Арманы жетелейді алга бастап Тамсантып, қызықтырып келе жаткан Көп заттың оқу оқып сырың ашпақ. Қарамай жердін бөтен, алысына, Адамның жаттығына, танысына, Жастықтың жалындаган лебі өседі Жат жүртқа іркілместен барысында. Ешбір жан болмаса да жүрген демеп Жырылып елден жырақ кетті бөлек Жасқанып жас болса да сескенбейді Қайсарлық бойга біткен елден ерек, Ақ қүба, жауырынды, орта бойлы, Салмақты мінезі бар терең ойлы. Сабақтан басқа затқа көңіл бөлмей Оқуга ынта салып ниет қойды. Қазақтан жат өлкеде жалғыз өзі, Тігілді бұған қарап көптің көзі, Іркілмей не сұраса жауап берер Салмакты сабыр сақтап айтар сөзі. Зерделеп устаздары айтқан жайды Алаңдап жан-жагына қарамайды, Мақсаты - тереңірек біле түсу Бүл ойдан шегіншектеп тартынбайды. Білімге ниеті ауып, күштарланган, Көргеннің маңайында бәрі де ақ-таң Сүйкімді мінезіне таңғалады Дегендей жүмбақ болган не қылган жан. Келгені қалың орман, орыс жері Ежелгі Ресейдің нагыз төрі Бәрі де осы арадан табылгандай Керегі армандаган көптен бері. Қымсынып қиындықтан корқып саспай, Елінен жырақ кетіп жүрген жастай, Қазақтың осы келген қай баласы Алыстан үшып жеткен қарлыгаштай. Білімге, өнерге елтіп келген шөлдеп, Кездескен қиындықты бүктеп жеңбек. Бойында таудай талап, асыл арман Жапаров Маканүлы аты Ермек. Айтканын үстаздардың тегіс үгып Отырды қүрдастардан үздік шыгып Білімнің дариясына боіілай берді Сусындап тереңінен жатқан тұнып. II Жас қыран шықты аспанға қанат қағып, Зуылдап көз ілеспей жұлдызша ағып Көрінбей көкжиектен асып кетті Із қалып болар-болмас сағымданып. Оралып қас қаққанша келіп қалды, Аспанда айқыш-ұйқыш орнек салды. ¥шағын қалай еркін меңгерді деп Сүйсініп қылығына жүрт таң қалды. ¥шағы дегеніне еркін көніп Ойнайды жалт-жүлт етіп төңкеріліп, ¥стазы, достары да сүйсініп жүр Жүр ғой деп өзіне-өзі еркін сеніп. Қуанды үмітті бүл ақтады деп, ¥стазы келістіріп баптады деп Тегінде қасиеті бар бір жан екен Қанжардай қын түбінде жатпады деп. Сынады үшақтардың талай түрін, Анықтап еркін білді оның сырын Сүйсінді күнде өрлеп оскеніне Жігітке жайнап түрған бір жас өрім. Атағы, абыройы арта берді Толықсып күн-күн сайын кемелденді Қолынан іс келетін жігіт қой деп Ермекке басшылардың бәрі сенді. Әр істі адуан-а.іуан бастан кешіп, Жұрт жүрді "Нағыз үшқыш осы" - десіп Рас қой "беіінег түбі - зейнет” деген Зорайып мыңбасы боп шықты осіп. Өстім деп мен-менсініп панданбайды, Сыпайы сөз сөйлейді біліп жайды. Біреуге қажет шаруа бола қалса, Беруге қолдың үшын тартынбайды. Кішілер сыйлайды оны, ағасындай, Үлкендер туған іні, баласындай Қария көпті көрген адамдар да Әдейі кенеседі баласынбай. Жүрсе де абырой ап бөтен жерде, Өссе де білім алып бөтен елде, Отанын, туған елін аңсай берді Ойынан шыгармады оны мүлде. Алыстан шақыргандай қолды бүлғап, Алатау күлімдейді мен мүндалап Туган ел ер жігітке қандай ыстық Гүлденген астанадан тапты тұрақ. Сағынып, ансап, шөлдеп келді көшіп, Отаны қүшақ жайды алтын бесік. Жатсынбай жақын жүрген адамдарды Достасты қолда барын бөліп жесіп. Ақ көңіл мінезімен көпке жақты, Тамаша сырласатын жандар тапты. Үй-іші думандатқан жиын болып Агылып жақын-жуық келіп жатты. Көрмеді біріне де қабақ түйіп, Пайдасы бәріне де жатыр тиіп. Мәзірін алдарына жайып салып Қонақты қүрметтейді басын иіп. Қасында сүйген жары Мейізі бар, Ойы жоқ ол түрғанда еш алаңдар. Достың да, жақынның да бабын тауып, Алдына дастарқанын жайып салар. Болады көрген жаннын көңілі жай Сыйдан да, мінезден де мін таба алмай Амалсыз ақ-таң қалып ойланады - Қосылып екі асыл жан жүр - деп қалай. Кем болмай Қүдай берген несібесі Бөбектер жайнап өсті, кіріп есі, Бөледі қуанышқа түрмыс қүрып, Бойжетіп Алмагүл мен Ақбөпесі. Мәз болып немерелер ойынына, Сүйеді қысып алып қойынына Айнагүл, Димаштары асыр салып Еркелеп асылады мойынына. Жүреді көрген жанды ішке тартып, Сүйкімді көпшіл болған мінезі артық. Жатсынбай алысты да, жақынды да Тигізген шарапатын жүртқа шарпып. Жақсылық іс істеуден бір тартынбай, Ішінде курбы-курдас жүр жарқылдай. Өзгеден көзге ерекше көрінеді. Мейрімді жаны жомарт Атымтайдай. Тәтті арман орнап қалган коңілінде, Мазалар естен шықпай омірінде. Отанға бір қызмет етсем дейді Қарамай істің ауыр жеңіліне. Білмейді абыройлы іс мүнан артық Өн бойын билеп әбден алды тартып, Зәредей пайда тисе еліме деп Арманның қүшагында кетер балқып. Асыл ер туган елдің қамын жеген Осы оймен қогам қүрды "Отан" деген ¥л, қыздар отаншыл боп өссе дейді "Ел болып келешекте кемелденген". Жанындай сүйіп өскен бала жастан Отаны - туған жері Қазақстан. Тілейді күшейгенін қанат жайып Нық басып күштілермен қатарласқан. Қарттың тілегі (Толғау) Жегілдім деп жетпістің жетегіне, Көңіл бөлмеіі өмірге кетемін бе. Туған жерді нурланған көрсем деймін, Бул дүниемен қоштасып өтерімде. Басымды иіп сүмдарға келмей көнгім, Зорлық, азап, абақты-бәрін көрдім. Ерікті ел боп, билікті қолына алған, Отанымның келеді сәнін коргім. Өткен жолым артымда тайғақ соқпақ, Өмірменен қоштастым талай тоқтап. Қарлығаштай қайырым жасайын деп, Ел намысын ішімнен жүрдім жоқтап. Қауқарым жоқ болғанмен арым таза, Жастайымнан қайғырдым кетіп маза. Жүрегіммен мүңдастым ел мүңымен, Демеу болар болмады баска шама. Бала күннен көргенім қуғын-сүргін, Қан қақсатқан халықты қаралы қүн. Қорлық көрген кәрі-жас жасын төгіп, Қысылатын ішінен шығармай үн. Ойландырар, толғантар дархан далам, Тағдырына әркашан болам алаң. Қанды көзін қызартып қорқаудай боп, Дүшпан бар ма жүтынып үмтылмаған. Өніп өскен мекенді ата-бабам, Ойраттар да өрт салып ойрандаған. Қыз шешеден айырылып, мал төлінен, "Ақтабанда" кім налып, жыламаған? Не кешпеді басынан, не көрмеді, Көк түтін қып кім оны өртемеді?! Қара жүрек басқыншы басып алып, Қек алатын ерлері бар демеді. £л қорганы көсем қып Абылайды, Көк жал бөрі Қабанбай, Бөгенбайды. Дүркіретіп атой сап, жауды қуып, Кең өлкені ие боп қанат жайды. Далам менің батырлар өмір сүрген, Қандары агып, тамшылап тері сіңген. Ие болган жері ғой жан аямай, Білек күші, найзаның үшыменен. Басқыншыны беттетпей қуып шығып, Үрпағына қалдырған мүра қылып, Жау жайласын деп пе екен туған жерін, Қарсы келген адамды тегіс қырып. Жендеттері патшаның қанды балақ, Ғадеттенген үйреніп жүртты талап. Бас салды ғой жыртқыштар көз қызартып, Шып-шып шыққан халықтан қанды жалап. Туған жерім, кең далам, дарқан далам, Қалай жүрем мен оған болмай алаң. Жаны ашымас жауға да мекен болып, Жер қалды ма бүлініп тапталмаған. Бірдей қылып халықты теңеймін деп, Жетімдерді жеткізіп жебеймін-деп, Қызылдар да қырғынға салып бақты, Айта алмадық біріміз "көнбейміз"-деп, Қарсы келсе атылды, торға түсті Жендеттері жентектеп қанын ішті. Жыртқыштығы қорқаудан асып түскен, Адам естіп көрмепті мүндай кепті. Сорлап қалған бәрінен біздің халық, Қайғырмайын мен қалай бүған налып. Аштан қырды әдейі қүрысын деп, Қолындағы қореғін тартып алып. Бүғаулады ел-жүртты түншықтырып, Жан-жағына қаратпай мойын бүрып. Кең даламды толтырды өлексеге, Топалаң келіп тиген қойдай қырып. Сөндірді отын лапылдап, түрған маздап, Ойы болып қазақтың көрін қазбақ. Әупірімдеп қалдық-ау ақырында, Біржолата өмірден өше жаздап. Ауызымды ашсам жалындап шер шығады, Ішке толып мүң мен зар түншығады. Армандадым азапты жылдар бойы, Түсер ме деп біздерге күн шуағы. Жеткендеймін бүғінде арменыма, Қаралы күн артымда қалмады ма?! Аспан түстес туымды желбіретіп, Қуанамын еркіндік алғаныма. Құлпырса деп тілеймін дархан далам, Тағдырына боламын әлі де алаң. Арамзалар артымнан қалмай-ақ жүр, Қыр көсетіп халқыма қоқаңдаған. Иығымыз тіресіп түрсақ бірге, Жем болмаймыз жаутаңдап біз ешкімге. "Бірлік түбі-тірлікм-деп, текке айтпаган Сенімменен қарайық келер күнге, Келе жатыр етегін елім жиып, Ынтымаққа, бірлікке көбісі үйып. Қуанышы, қызыгы алдында түр, Оны көрмей кетемін қалай қиып. Разымын бүгінде тағдыр саган, Бостандықты әпердің сыйлап маган. Естіп, көріп елімді біліп жатыр, Бүрын бізді ешбірі танымаган. Тапшы болса ішер ас, керек бүйым, Мүның бәрі уақытша болса қиын. Тәуелсіз ел болудан не қымбат бар, Қадірлейік омірдің берген сыйын. Ер туып, басшы болып елім десе, Отаным-жан сап қорғар жерім десе. Тек қана білімдіге билік беріп, Пышырап жүз, руга бөлінбесе. Мен үшін қазақ деген бір-ақ ел бар, Атанған Қазақстан бір-ақ жер бар. Отырған қырық рудың басын қосып, Данышпан Нүрсұлтандай асыл ер бар. Жейтұгын елдің қамын ерлер өсіп, Наданның қалса деймін үндері өшіп. Бірлікпен бүкіл қазақ басын қосып, Жиналып кен ордага келсін көшіп. Іргесі отанымның болып берік, Ерекше сән-салтанат бітсін көрік. Әлемге тарыдай боп кеткен тарап, Түгелдеп туыстарын алсын теріп. Еңбек пен үмітіміз кетпей текке, Береке берсін қүдай жиын копке. Қайгысыз шат-шадымен өмір сүрер, Сенемін сәулелі күн келешекке. Бақыттың төбесінен бүлты көшіп, Жазатын жан жарасын самал есіп. Қазаққа қазақ жері толса деймін, Байлыгы, гылымы да қатар осіп. Ашынганнан шыгады ашы даусым /Осы жыр-толғауымды туған ел-журтым Мәмбет аруағына арнаймын/ Ассалаумағалайкум, туысқандар, Жиналған ак ниетпен ғазиз жандар, Сыйласақ ата салтын, аруақты, Біздерді жәрдем беріп, кудай қолдар. Бүгін де әңгіме көп, айтылар сыр, Бас қостық қала, дала, ой менен қыр. Кездесу амандықпен бір ғанибет, Бүл өзі ел бірлігін танытып түр. Амантау Арқаның жаннат жері, Жанында жайлы қоныс "Шошқакөлі". Мекендеп, қанат жайып осіп-онген, Ертеден қоныс қылып Мәмбет елі. Бір жагы Изенді мен Қүланөтпес. Жатады Тоқа, Темеш болып шектес. Мал жаны, қүдандалы аралас боп, Қүратын сауық-сайран естен кетпес. Дүшпанын бірақ бүктеп жерге тыққан, Мәмбеттен алып батыр Жандар шыққан. Маңына жау жақындап келмейді екен, Сескеніп естігенде атын сырттан. Мәмбетке әуелден-ақ дін орнаған, Бірі де арамдыққа жоламаган. Бастаған түзу жолға қажы, молда, Өзгенін ала жібін аттамаған. Мұстафа <1> молдалықпен Арғын асқан, <1> Мүстафа - Нүра бойын жайлаган ел арасында тәуіптік арі гажап коріпкелділігімен аты шыққан діндар. Бір адам қарсы келмей кәрі-жастан. Және де өзі болған әділ қазы, Маңынан үры-қары бәрі қашқан. Дәретсіз өмірінде жер баспаған, Күндіз-тун қүлшылық қып көз ашпаған. Өтіпті Тоқтауылдай тақуалар, Тек қана әділдікке жол бастаған. Болыпты елге сыйлы Ысқақ молда, Шариғат, әңгіме айтса сөзге жорға. Сағынып жүрт іздесіп жүреді екен, Жырақтап елден алыс шықса жолға. Ел жүрді мол дәулетте қаздай қалқып, Байлығы мал мен басы тасып, шалқып, Сеніммен жаз жайлауға көшетін жүрт, Дүниесін сыйғыза алмай артып-тартып. Көшкенде кіретүғын елдің сәні, Жайлауда жадырайтын адам жаны. Бүл елден ойын-сауық үзілмеген, Көкке өрлеп әңшілердің салған әні. Әндерді шарықтаған "Қанатгалды" Хамзе мен Кеншінбайлар шырқап салды. Думан боп жатушы еді ауылымыз, Өзіне жинап алып бүкіл маңды. Кенеттен ауыр қайғы бізге жетті, Көшіріп елімізді тентіретті. Туысын тани алмас күйге жетіп ІІІашылып тарыдай боп тарап кетті. Артында үя болған үйі калды, Шашылып кереге, уық, шиі қалды. Алгызбай пісіп түрган егінін де, Таба алмай бір үзім нан өзек талды. III Тірінін бастарынан кетпей хауіп, Жөнелді жүрт күніреніп жерден ауып. Тоқтады өлмей тірі қалғандары, Қойнынан "Өріктісай" қоныс тауып. Бүл жерде біраз халық өмір кешті, Дүниеге сәби келіп, жастар өсті. Ел болып, етек жиып, жаңа ауыл боп, Бүйыртқан бір қүдайдын дәмін жесті. Жайғасып орын теуіп жүрген көпті. Тағы да мазалаган хауіп жетті. Қүртпақ боп, қысыіига алып бүл ауылды, Көшіріп тоз-тоз қылып тентіретті. Қалдырмай паналайтын бір жанды ақыр, Бүл күнде ауыл орны болған тақыр. Қоршаган қасиетті аруақ жатыр. Тек қана қолды жайып, дүга оқитын, ӨЛЕНДЕР (ЕКІНШІ ТАРАУ) Нұра самалы Нұраның бетке тисе самалы есіп, Кетеді жаным жай боп, көңілім өсіп. Өсірген ер жігіт пен аруларды Жерім гой алтын ұям, алтын бесік. Әркім - ақ туган жерді жыр етеді, Тыңдатып таңғажайып сыр етеді. Жасымнан куліп, ойнап өскен олкем, Шалқытып қиял-ойды тербетеді. Бал дәурен балалықты өткізген жер, Бойга күш, ойга сана жеткізген жер. Нүраның күміс сулы өзені гой Дәл соны мен жырламай кім жыр етер. Көңілімді хош етесің Нүра менің Бойында асыр салып өстім сенің. Ерекше көрінесің қымбат маган, Байқалып көрінбейді кем-кетігің. Ырысы тасып, толып селдеткен жер Қүлпырып қыз бен жігіт ержеткен жер. Бикеш пен Қолаңшақтай аруларды Махаббат бесігінде тербеткен жер. Атады нүрга толып алтын таны, Жадырап сая тауып адам жаны. Гүлденсе бүкіл тогай шешек атып Анқыган жүпар иіс жүрсең маңы. Мөп-мөлдір суы қандай сылдыр қаққан, Көрініп түйір тасы түпте жатқан. Аптапта шомылып кеп сүңгігенде Сүйсініп бүкіл денең жанға жаккан. Қыз сүлу, жігіттері көркем туған, Бәрі де жастайынан өнер қуган. Тән түгіл жан дүниесін кір шалмайды Адамның таза сумен бетін жуған. Асады арнасынан өзен толып, Суында қаз қанқылдап, үйрек қонып. Нүраға мен де үлесті қоссам шіркін, Қүятын көп жыраның бірі болып. Түрғандай қүрақ, талы бір күй шертіп Сыбдырлап сыбырлайды бетті желпіп. Бойымды, коңілімді билеп алып, Тербеліп әуеніие кетем елтіп. Суында жүрт шомылар шабақша ойнап, Мәз болып емін еркін салып ойнақ. Қүмары қанша түссе қанар емес, Сүңгиді сүйсініп кеп терең бойлап. Жайкалып күрақ талы өскен биік, Желектей желбірейді етке тиіп. Жанымды жадыратып жібереді, Самалы соғып майда бетті сүйіп. Үнатып мекендеген қазақ жүрты, Ежелден біздің Нүра елдің қүты. Қыста күйлі, жазында семіреді Болыпты тіпті сирек малдың жүты. Таршылық, жоқшылықты ойлатпаған, Жерсін ғой артық бағаң. "Арық ат алты күнде жалдаңар" - деп Сүйсініп Асан Қайғы текке айтпаған Мекендеп қалың қазақ озен бойын, Өткізген сауық-сайран, ойын-тойын. Қаптатып үйір-үйір жылқы оргізіп, Жүріпті әрең санап сансыз қойын. Жер еді малға жайлы, жанға қорған, Кезеңге қилы-қилы душар болған. Қызылдың ойран салған қырғынында Арнасы қан аралас жасқа толған. Халық үшін қайғы болмас онан ауыр, Езіліп есіме алсам кетер бауыр. Сүмдық қүн жан түршігер артта қалып, Басталды жүрт аңсаған жаңа дәуір. Бұл күнде көңілсіз боп түрса жүдеп, Ертең-ақ гүл жайнайды бәрі түлеп. Отаным іргелі ел боп өсе берсін Кеудемде мықты орнаған осы тілек. Өсірген, мәпелеген анаң қандай, Нүра да көрінеді маған сондай. Қүлпырып кезді тартып түрса деймін Көрген жан сүйсінетін қағып таңдай. Сүйкімді жанға жайлы самалы есіп, Жүрерсің күліп әлі-ақ көңілің өсіп. Қиындық қара бүлттай түрған тоніп, Ығысып күн нүрынан кетер көшіп. Бала көздің жанары Әкенің көзі көрмейді, Зағи боп қыршың жасында. Көңіліне қайғы енбейді, Баласы жүрсе қасында. Күші қайтқан кез емес, Отырды қүрып амалы. Қолынан оның түк келмес, Не айла енді табады? - Қүлыным менің өсер - деп, Артар үміт балаға. Акыры ертіп жетектеп, Шығатын болды далага. - Әке, анау мынау - деп Көргенің баян етеді. Қызық-қызық хабар кеп, Қүлағына жетеді. Қүлпырып, жайнап күн санап, Ермегі өсіп ержетті. Оқуға қылып зор талап Бет алып шықты мектепті. Бетінен сүйді баласын, "Болсын деп құтты талабы" Салып ап дәптер, кітабын, Жүгіре басып барады. Үмытып көздің кайгысын, Әке қарап жатпады. Үй маңында шаруасын, Өзі қарап баптады. Қуат көріп Ермекті, Түрленіп кірді ажары. Шығарған түріп түнекті, Бала - көздің жанары. Көл қайғысы Сүнқылдап қүсын сыймай түрған түнып, Көл едін бойламайтын салган қүрық. Қалыпсың шаңың шығып, тақыр болып, Балығын бал татыған кеткен қүрып. Жайылган маңайыңда малың қайда? Қүрақ жоқ сылдыраған басы майда. Жыртылган, қазылган ор төңірегің Бөгет көп саган қүяр терең сайда. Талай жыл өтіп кеткен мен көргелі Қога жеп, суға түсіп мен келгелі. Көктемде іші-тысың у да шу боп Қызықты қүс базар бет кетер еді. Қайгыңды сүлу көлім түрмын үгып, Тастапты суды қүртып тақыр қылып, Дәл менің самайдагы ақ шашымдай, Бетіңнен жатыр екен сорың шыгып. Жүргенде арып-ашып мен айдауда, Түсіпсің мүсәпір боп сен байлауға. Төбеде шырылдаган торғай да жоқ, Шама жоқ шаңды жүтып қүс сайрауға. Көл едің қаз қанқылдап, аққу үшқан, Бет жүзің көрінбейтің жүзген қүстан Сайда жоқ, сала да жоқ су күятын, Бөгелген жер жыртылып әрбір тустан. Сағынып келсем елге қойнымды ашып, Кетіпті туган жердің суркы қашып. Шаң басса жер мен көкті бурқыраған, Елімді келімсектер кеткен басып. 1957. Көбетей тойы Қуанайық қуанар кезең келді, Суйсіндіріп отырған бүкіл елді, Болып па еді бір кезде мундай ерік Өз атымен атайтын ел мен жерді. Іштен тынып сөйлемей, аузыңды ашпай, Жасқанып біз жүрдік қой жаңсақ баспай. Еркіндікке не жетсін тынысың кең Жан-жағыңа қарайтын жалтақтамай. Кун кештік-ау букшиіп қулдан жаман, Мүң зарына еш адам қарамаған. Уландырып аспаннан бомба жарып, Халық қой деп қазақты санамаған. Бір сөз айтсаң төбеңнен шоқпар урып, Котере алмай кеудені жаттық буғып, Мурша болмай қарауға жан-жағыңа Бас көтерсең жіберген жерге тығып. Енді, міне, бүгінде ерік алып, Дос, душпанды анықтап турмыз танып. Көбетей деп аталып өз жеріміз Қуанышқа бөленді бүкіл халық. Ежелден мекен қылып қазақ елі, Данқты көп адамның туған жері. Атақты Айнабеков Қайып туып Атанған Айтуғанов Еңбек ері. Сескенбей қиындықтан етіп ецбек, Қияга қыран қүстай қүлаш сермеп Хайролла, Түяқ сынды асыл жандар Ғылымның шың қүзына шықты өрлеп. Әркімді өз ісімен тамсандырған, Жәкеш пен Жақамайлар ерекше жан. Сүйсініп қолыма алып оқи бердім Кітапты шежіре қып олар жазған. Бір түтас халық болып соңына еріп, Аулына ыдыратпай берғен көрік. Сөбит пен Еділдерге ел риза Ақылмен ел басқарган, іске берік. Ауылымыз дін жолына қадам басып, Коркейді ажарланып, мешіт ашып. Көтеріп ел еңсесін келе жатыр Бір кезде қорғалақтап қалған жасын. Міне, біз жүрт бас қосқан тойға келіп, Отырмыз естен кетпес қызық көріп Тәуелсіз Қазақстан жайнай берсін Халқына қошаметтеп берген ерік. Күш кіріп, қуаттанып түла бойға, Кездесіп біз отырмыз тойдан тойға Байлыкка, жерімізге ие кылған Бәріміз ризамыз бір құдайға. Бұрыңғы артта қалып көрғен азап, Күн туды қуанарлық, куан казақ! Тағдырың өз қолында не қылсаңда Келешек өмірлерің болсын ғажап! Түркістан - түркілер төркіні Күншығыста туып оскен ер халық, "Көк бөрілі түркілер" деп атанып, Дос сүйсініп қүшағына енгенде Дүшпандары тітірепті жасқанып, Сырттан еш жау қарсы келіп батпаған, Өздері де қамсыз қарап жатпаған. Ер-түрманын, бес қаруын сай қылып, Қарсы келсе табанға сап таптаған. Еркін жайлап Алтай, Балқан арасын, Ие қылған бүкіл түркі баласын. Осыншама кең олкені меңғерген Ерлігіне таңдай қағып қаласың. Түркістаным ғүл бақша боп жайнаған, Бау-бағында бұлбұл қүстар сайраған. Таңғажайып сарайларды салғызып, Бүл олкені Ақсақ Темір жайлаған. Бір кездерде түманданып тірлігі, Акырында әлсіреді бірлігі. Куәсындай отіп кеткен күндердің Түркістан боп қала берді кіндігі. Ерлік данқы ұмытылып, құлдырап, Талай көрген соққыларга мойымай Туркістаным ошпей, көшпей тур бірақ. Жинап жатқан бүкіл түркі баласын, Бүкіл әлем Түркістанға қарасын. Туыстарға танып келген төркінін Сүйсініп те, қуанып та қаласың. Бір-бірлерін туыс қой деп танымай, Тарап кеттік бар әлемге тарыдай. Езгісінде сорлап келдік өзгенің Жан ашитын ешбір жақын табылмай. Жасты тыйып, күлім қағып уанып, Міне бүгін түрмыз біздер қуанып Түркі жүрты, бірлесейік достасып, Қолымызға көк борілі ту алып! Сенгеніміз Нұрсұлтан Кезең келді қас, досты айыратын, Ер де, ел де ерекше сыналатын. Шын қамқоршы халыққа осы адам - деп Тұра басып атайтын ердің атын. Қиындықтан қорғалап жасып қалмай, Өршеленіп келеміз өрге қарай Көк байрақтын астында басты қосып, Еріктіміз не қылсақ жалтақтамай, Бұрын ешкім білмейтін казақ атын, Бәрі совет халқы деп саналатын. Бет тузейтін намазда қубыласындай Тек Мәскеуге табынып, багынатын. Бәрімізге бір Алла болып пана, Есті жиып келеміз енді ғана Отаным деп, елім деп согып жүрек, Қимылдайтын кез келді жанды сала. Басқа түскен таршылық, қиын күнде, Тізе қосар күн туды болып бірге Ел тағдырын шешетін - тек өзіміз Қыпылықтап қарамай енді ешкімге. Шөккен нардай секілді жүктері ауып, Ауыртпалык, жокшылык болды қауып Қандай ер - деп халық та елеңдеп түр, Тығырықтан шығарар жолды тауып. Еліміздін кеткен жоқ багы тайып, Кенін қазып келеді, малын жайып. Молайтып ел ырысын өсірем деп Аянбай жан салып жүр Назарбаев. Көш бастар кемеңгер жоқ мүнан а ртык, Сөкпейік кетпедік деп байып, шалқып. Қандендер көре алмайтын қара ниет Етектен жүгізбей жүр жүлқып тартып. Олардың көксегені кара басы, Туған жер керек емес отандасы. Халыққа карайласпас киналса да Жылаган көзге ілінбес қанды жасы. Көбісі "пысықтардың" жүртты қүртқан, Іші арам, қүр жылтырар түрі сырттан Әуелі өз қарыны тоймай қалса Жағасын туған елдің түтіп жыртқан. Сестеніп, есін жиып, алса байып, Тақырға отырғызып, кетер тайып, Маңсапкор, үяты жок арсыздардан Жолатпай манымызға сақтанайық. Мен үшін казақ деген бір-ак ел бар, Атанған Қазакстан бір-ақ жер бар Көш бастап келе жаткан тар кезеңде Қажырлы Нүрсүлтандай асыл ер бар. Зиялылар бас қосқан жиындарда, Сөйлер сөзден іркіліп, тартынған ба? Паш етіп жүр әлемге қазак атын Жаны жайсаң дәл мүндай адам бар ма? Өскен жан жақсы, жаман бәрін көріп, Жасынан күрметтеді халық сеніп, Біз түгіл шет жүртқа да абыройлы Тізгінді үстатайық соған беріп! Басқага өзім дауыс бере алмаймын, Үлгілі іс ешбірінен көре алмаймын. Ордамды ойран қылып кете ме деп Өзгенің біріне де сене алмаймын. Әке мен Бала Әке: - Әй балам-ай, үнамайды жүрісің, Жырқ-жырқ еткен мағынасыз күлісің. Не табыс жоқ, не намыс жоқ үялған, Қуыс кеуде тірілердің бірісің. Еңбек десе ат-тонды ала қашасың, Бейнет қылмай аяқты алшаң басасың. Ойлансаңшы, қанша қаға бермексің, Таусылмастай әке-шеше қалтасын. Бала: - Ой, әкем-ау, айтпасаң да білемін, Күліп, ойнап қатарыммен жүремін. Шығын шықпай ақшам түгел болсын деп Армандаған сол ғой жалғыз тілегің. Әке: - Ақша емес қой балам менің тілегім, Өзіңсің ғой қуат қылар тірегім. Қатарға еніп, балам адам болсын, деп, Бір Қүдайдан күндіз-түні тіледім. Жүбайланып көрсенші, бір көсіліп, Балапандай балаларды өсіріп. Шулап жүрген немеремді аймалап, Жатсам деуші ем ортасында шешініп. Бала: - Әке оған алаңдама, жасыма, Ұлың жүр ғой ойнак салып қасында. Кәрілер-ай жай жүруді білмейді, Риза боп ішіп-жеген асына. Әке: - Әзірше мен жан шықпаған тірімін, Көрмеймісін нүсқасы жоқ түрімнің. Ол дүниенің есігі кең ашылып, Соған кіріп кететіннің бірімін. Мазақ қылып кәрілерге күлесің, Үлкендерді жазғыруды білесің. Соның бәрі еңбекпенен есейіп Алып болған өмірдегі үлесің. Еңбек етсен сен де соның біріндей, Дер кезінде бүлғактамай, сүрінбей, Ардақты адам, аяулы жан болар ең, Жүрт көзіне жексүрын боп корінбей. Місе қылмай шешең берген тамағын, Нәр аларың ертелі-кеш арағың. Оны ішпесең өрт сөндірген адамдай, Түнжырайсың, ашылмайды қабағың. Бала: - Мен істеймін жаным сүйіп жаққанын, Не шаруам бар жүмысыңда басқаның. Ырысыңды шайқап төгіп кеткендей Жаның күйіп неге сонша қақсадың? Әке: - Туысың жоқ дара туган баласың, Біз өлгенде ертең жалғыз қаласың. Бүгін саған керегіңнің бәрі бар Ертеңгі күн оны қайдан аласың? Жалғыздық тек жарасқан ғой қүдайға, Жалғыз жүру адамдарга үнай ма? Жүбайланбай, бала көрмей өткізсең, Бүл омірге келгеніңнен не пайда. Өзің едің сенген жалгыз баламыз, Қызық көрмей біздер кетіп барамыз. Жынды суды қуалаумен сен кетсең, Енді біздер қайда қанғып қаламыз. Кемсендеп кеп әке оксіп жылады, Бажырайып бала қарап түрады. Санасы бар адам болса үққандай, Бекіп қалмай естісе анық қүлагы. /1951 жылы Қаз ССР жоғаргы сотының алдын-да қаймықпай батыл сөйлеген Жекен Қали- ұлының сөздері/ Қан тамып қылышынан қызылдардың, Үрейін алған кезі букіл жанның. Босанып аман-есен шыққаны жоқ, Жазықсыз абақтыға қамалғанның. Кеткендер үй ішіне қайтып келмес, Сәулені, кең дуниені қайта көрмес. Ілігіп жендеттердің қармағына Есті алса айтқанына қалай көнбес. Туңілген зәресі ушып шыбын жаннан, Жемтігі жыртқыштардың бір топ адам. Қарсы сөз айта алмайды бас көтеріп, Сорлылар қояндай боп қорғалаған. Сотпенен прокурордың тусі суық, Бәріде тас мүсін боп қалған суып. Тутқынға адам-ау деп қарамайды, Тұрсада бет-жүздерін жаспен жуып. Буынып сөз-сөйлеуге белді бекем, Сескенбей сотқа қарап тұрды Жекен. "Тастайын шындықтың бетін ашып ойлады- сүрқиялар недер екен". Ала алмай ажыратып доспен қасты, Қылдыңдар достарыңды аяқ асты. Не үшін сүйенерім кеңес елі Не ушін соттайсындар мендей жасты. Еліме, Отаныма жау емеспін, Адамга қара ниет қас боп өстім. Жолында әділдіктің жан пидағып, Келеді қарсы түрса кескілескім. Көсемге, партияга жүрсем сеніп, Мен қазір не сүмдықты түрмын көріп. Соттайсың зар еңіретіп жазықсызды Дәттерің жан ашымас неткен берік. Араша түсер десем адалды ақтап, Ақ істі қара дейсің әбден даттап. Арамдар қара қүрттай қаптамайма Адалды жіберсендер тегіс соттап. Қозгалтпай аяқ, қолды мықтап байлап, Түрсыңдар аямастан өлімге айдап. Жеңгендей қасарысқан қас дүшпанды Масайрап түрсындаргой гүл-гүл жайнап. Сенбеңдер тектен текке өлеріме, Әлі көп аларымда, берерімде. Үзбеймін күдерімді келешектен Сенемін еділдіктің жеңеріне. Жан-жаққа жасырын көз тастап, Шығасын ерте-кеш ойқастап. Қасыңа жымиып келемін, Қысылып айта алмай сөз бастап. Тыңдашы, қалқатай, шынымды, ¥ға алмай кеттің ғой сырымды, Тек маған қабағың қатулы, Кімдерге көңілің бүрылды? Мен сені қалтқысыз сүйіп ем, Алдыңа басымды иіп ем, Таянсам мүз болып суисың, Отыңа лаулаған күйіп ем. Сен маған жақтырмай қарайсың, Бүйығы бір жанға балайсың. Әуессің жалт еткен жандарға, Шын досқа неге көз салмайсың? Не болды сәулем білмеііміи Не болды, сөулем, білмеймін, Тиышсыз халде қалыппын. Жарқырап жарқын кулмеймін, Қараңгы бәрі жарықтың... Көрініп кетсең жалт етіп, Шыққан күндей боласың. Сен дегенде ес кетіп, Көңілімнен шықпай турасың. Үнатамын Үнатамын сулу затты, Қадірлеймін бас иіп, Әуелден ол жаралды артық Адам оган еріп, балқып, Қүрмет етіп сүйер қатты. Жасап қолдан сондай затты, Ләззат алгым келеді. Кетсе де ертең қолға түспей, Көмескі боп көрген түстей, Күткен үміт қандай тәтті. Шаттанамын Жасырмай бұл айтар сырым, Білсін мұны бар адам. Көп қызыкка мен батамын, Көп балага мен атамын, Шырқайды олар жанның жырын. Өмір көркі деймін осы, Қараймын да мен оларға. Сөзін естіп шаттанамын, Бойын коріп мақтанамын, Бала шіркін-көңіл хошы. Оқушы ойы Мектеп-менің анық сүйген анашым, Көз алдымда шамшырақтай жанасың. Түла бойға бір ыстық қан енеді, Көрген сайын мектебімнің қарасын. Маган алгаш ашты өмір есігін Тербеткендей ақыл-ойдың бесігін. Адамдықты, адалдықты үққан жер, Қымбат маган барлық заттар есімің. Алғаш менің қанат қаққан мектебім, Көкірекке өнер болды сепкенің. Жыл артынан жылдар зулап өтсе де, Шықпай естен үяладың, кетпедің. Әлпештедің, мәпеледің балаңдай, Шәлкестікке, тентектікке қарамай. Саған қалай борышты мен болмаймын Сүтін еміп, еркелеген анамдай. Баяулаған есгі.імеіі кейде талып, Сүйкімді әнді күлағым калды шалып. Баурайында төбенің қой өргізіп, Бара жатқан қойшы екен әнге салып. Шошып үшып дауыстан пырылдаған, Төбесінде боз торғай шырылдаған. Өзі де мәз, өргізген төлі семіз, Көптен таныс бүл адам бүрын маған. Мандайынан сүйгенге есіп майда, Шаттанады таза ауа, қоңыр жайда. Ерте түрған өзінен еш адам жоқ, Тірі жанда оянып бүл маңайда. Қара түннің көрпесін қолмен түріп, Таң шапағын қарсы алды бүрын түрып. Жайған қойын қаптатып әуенімен, Саспай айдап барады тауға бүрып. Жібергендей далаға дабыл үрып, Қарай қалды төңірек мойын бүрып. Жүргеніне сүйсініп таңданады, Тәтті үйқыға таңдағы бермей ырық. Дүр сілкінді шоқтанған бүтасы да, Тасқа өскен жабысып қынасы да, Қиқулайды көлдегі қаз да оянып, Коңіл бөлмей енді жай түрарсың ба? Гүмпілдеді көлдегі әупілдегі, Ырғақты іздеп "әупілдек" әніндегі. Естимін де еджіреп тыңдай берем, Жоқпа деген ой кедіп оннің шегі. Тыраулаган тырналар ұшып көкке, Есіттіре созады даусын копке. Бытпылдаққа қосылып көкек даусы, Бір әсем саз туғызды төңіректе. Акку ушты айдыннан сыңғырлаған, Жайлап қағып қанатын мамырлаған, Сипатына сұлудың басын иіп, Көк қүрақтар шайқалып сыбдырлаған. Басқа күйге көңілім тоймағандай, Өзге әуен әлі аз деп ойлағандай, Жылқылары кісінеп, сиыр мөңіреп, Қосылды кеп оркестр ойнағандай. Сауыншының шелегі сылдыр қағып, Қүйылып түр аппақ сүт бүлақша ағып, Домбыраға қосылып шырқағандай, Өндеткені қүлаққа кетті жағып. Арқасында салбырап әрген бүрым, Әкетеді үйіріп жанның сырын. Таң қаламын өзім де таңдай қагып, Байқай алмай жүргенмін қалай бүрын? Ағып түрған қолынан бал ма, сүт пе, Көрген жанды қалдырар бір үмітте. Қызыл беті таңменен таласқандай, Түра алмайсың бетпе-бет көз тігіп те. Қара жерді таспадай тіліп, басып, Тракторлар жөнелді қырдан асып, Көкжиектен күміс күн күлімдеді Мейірленіп әлемге нүрын шашып. Жүткан сайын таза ауа, жүпарыңды. Қандырамын тоймайтын күмарымды Сүйсінемін, сүйемін, дала сені, Бір өзіңнен тапқанға түрағымды. Әсем дала, кең дала, дархан дала, Сүлулықтың иесі өзің гана. Алтын арай нүрына бөлендім мен, Дүниені оянтып атқан жаңа. Құшып журмін киялды нелер тәтті, Армандаумен күн батып, таңым атты, Көп нәрсеге өмірде қуштарлықпен, Толқытты ойлар, өзімді мазалатты. ¥мтыламын шықпақ боп шың басына, Байқайын деп өзімді, түсіп сынға. Басы түгіл маңына жанаса алмай, Қала берем малтыгып, батып мүңға. Түсе қалам теңізге тереңді іздеп, Маржан алғым келеді тізбек-тізбек. Маржан түгіл басымды зорга алсамда, Түңілу жоқ өзімде күдер үзбек. Болар ма еді серігім күмбірлі күй, Іздемесем өмірден өзге бір сый, Балқып, еріп, мәз болып кетпес пе едім, Басқаны ойлап, қынжылып, мый қатырма Тамылжыған әсерлі ән іздеймін, Көзді тартып қуантар, сән іздеймін. Бірі соның барады-ау жанаспастан, Қалганымды аңырып бір сезбеймін. Жақсылықты өмірден көп іздеймін, Қолға түсіп қалар ма-деп іздеймін. Маган алыс бәрі де болып жатыр, Жетпесем де күдерді бір үзбеймін. Ақын емес, адаммын ақын жанды, Қүмарлық бой балқытып, есімді алды. Тәтті армандар мазалар ұйқы бермей Мазасыз атырамын ұзак таңды. Ұстай алмай қаламын бірін берік Манайымнан кеткендей бәрі жеріп "Суі а кеткен тал кармар” деі ендеііін, Тәтті қиял қалады болып серік. Қуғаным асыл арман жетпесем де, Әйтеуір сол үмітім өшпесін де. Тербетіп жас баладай әлдилейді, Ақыры жалғыз тастап кетпесін де. Болмасын согыс Ана жан-ай сагындым гой папамды, Өлі қорғап жүр деймісің Отанды. Неге мүнша кешігеді хабарсыз, Қайтып елге жолдастары оралды. ' Келеді"-деп күнде айтасың, келмейді, Ең болмаса хат сап, хабар бермейді. Бір көрсем деп шыдай алмай жүрмін гой, Қалай менің бүл күйімді білмейді. Қалган екен деймін бір күн әкем кеп, Қуанышпен көз алдымда күлімдеп. Сүйіп алып, күшқандайын болады, Көтеріп ап, айналайын күнім деп. Жабысып кеп мойынынан қүшамын, Қүшырланып қатты-қатты қысамын. Балапандай бауырына алып тартады, Мейірленіп жая түсіп қүшагын. Қуанганнан түра берсем айгай сап, Бола қапты жым-жырт тыныш бәрі сап. Әкем көзден гайып болып жоғалган, Іздеп едім жан-жагыма қарай ғап. Бүл көргенім елестеген түс екен, Жетім еткен қай қатыгез күш екен, Өміріңде шықпайтүгын есінен Біткен жара болган ауыр іс екен. Бала мүңмен анасына қарады, Шешенің де іші өртеніп барады. "Өлді" деуге қимайды да алдайды, Жұбатуга қандай айла табады. Босады ана токтата алмай көңілді, Мөлт-мөлт етіп жасы көзден төгілді. Не айтарсың сум соғысқа мейірімсіз, Қиып кеткен талай қыршын өмірді. Шыққан кундей жеңіс те кеп жарқ етті, Жадыратып, қуандырып жер-көкті. Ана толды, бала да өсті ержетіп, Жыл артынан зулап ағып жыл өтті. Ұмытар ма бала жетім оскенін, Зор үміттің өспей жатып ошкенін. Сүйген жарын күтуменен жас ана, Ұмытар ма, бастан кайгы кешкенін. Енді согыс еш адамды шарпымай, Қайта жорық шерулері тартылмай. Бейбітшілік туы көкте желбіреп, Кешсін өмір қуанышпен, халқым жай. Алыстан сәнді көрінген, Шоқтанып өскен көк терек. Шыкпайсың ешбір көңілден, Еске алсам кетем елжіреп, Жапырағың сыбдырлап, Сыр айтып бірге тұрушы ең. Биік басың бұлдырап, Көңіліңді бізге бурушы ең. Аспанда жұлдыз жымыңдап, Сәулесін шашып алтын Ай. Ақырын сөйлеп сыбырлап, Қалқашым күліп түрар жай. Саяңа алып жасырып, Пана боп бізге түрушы ең. Жасырган сырлар ашылып, Көңілге саят қүрушы ең. Өтсе де жылжып талай жыл, Ыстықсың маған, көк терек. Сенде де бар ғой терең сыр, Ал маған тағы не керек?... Ақкулы көлде Қалмаймын аққу көрсем бір суйсінбей, Мен түгіл қарағандай күн күлімдей. Айдында мойны әсем иіледі, Арудың жарын қүшқан білегіндей. Келуге ерінбеймін көлге жаяу, Тек қана жүрсе аккулар маған таяу. Болады денем күйге бөленгендей, Сыңгырлап даусы естілсе үшқан баяу. Көлдердің көзді тартар сәні емес пе?! Бойынды балқытқандай ән емес пе?! Сүйсініп сипатына қарап түрса, Бәріде көрген көздің көні емес пе?! Сезгендей түрған мені көзім сүзіп, Таңданып келеді әне баяу жүзіп. Артында көгілдірі тізбектеліп, Маржандай жібек жіпке қойган тізіп. Ганибет мүндай көлде дем алғаным, Сеземін қиял тербеп, ой салғанын. Үстінде қаз қаңқылдап, үйрек самгап, Көремін шық-шық еткен қасқалдагын. Әупілдек киналады неге сонша? Сүйтеме көріктінің бірі болса? Орынсыз жанын сонша қинар ма еді, Тілегі өзі келіп басқа конса? Сүлулық бір бойына түрган сиып, Аққуды атады екен қалай қиып? Көркіне көгілдірдің теңелер ме, Қасына сан күсты әкеп қойса жиып. Ей, адамзат! Ей, адамзат, перзенті табиғаттың, Жер-Ананың койынынан орын таптың. Бесігінен тербеліп, канаі қағып, Бар әлемге өмірдің отын жақтың. Жас баладай талпынып қаз-қаз басып, Кең дүниеге үмтылдың көзіңді ашып. Талай қиын асудан аса бердің Бір орында түрмадың, тоқтап, жасып. Алга жылжып ақырын өрлей бердің, Қыргын согыс, арпалыс бәрін көрдің. Анасы боп ардақтап осірдің сен, Аты шыққан әлемге талай ердің. Өмірде салгандар көп өймен өрнек, Қандырып ел сусынын жүрген шөлдеп. Гомер мен Горацийдің алтын созін Кім жібермек жөқ қылып бәрін өртеп. Біздерге Омар Хайям, Фердаусидің Багасын білесің гөй берген сыйдың. Шекспир, Гете, Бальзак мүраларын Қүрметтеп алтыннан да сақтап, жидың. Пушкин мен төгілді сөз Лермонтовтан, ¥йытып тыңдаушысын, қалдырган таң. Низами, Науай мен Абай сөзі, Гарихтың үзақ жолы бастырмас шаң. Аңсаумен бейбіт күнді өнер қуған, Өмірде осылардай дана туған. Қайсының қабыргасы қайыспайды Көргенде сәбилерді жасын жуган. Тарихтың беттерін көрсек ашып, Халық күшін көреміз жатқан тасып. Жел өкпелі есуас бүлдіргіштің Талайын желкесінен қойган басып. Адамзат, байқаймысың бүл күндерді, Соғыстың қара бүлты кеп түнерді... Сән берген, өмір берген, ақыл берген Сен қалай өртетпексің туған жерді?! Сауыншы қыз Қысқы гүн. Аязданып бүлтсыз аспан, Сықырлап зәрін төгіп, ызгар шашқан. Мал қора айлы түнде жарқырап түр, Төбесін ақ шатырдан қырау басқан. Жігітке бүл жер ыстық көрінеді, Көз салса, көңлі нүрға төгіледі. Ентігіп екі өкпесін алып үшып, Келеді аңдығандай әлде нені. Қызарган екі беті аяз қарып, Таныс қыз келеді әне, қалды танып. Жарқын жүз көрінгендей билеп оны, Балқытып түла бойын барады алып. Бетіне қарады да жылы күліп, Жігітке тоқтамады мойын бүрып. Біле алмай не айтарын қапелімде, Ақырын бір орында қалды түрып. Ойлады:"сүймей ме-деп-мені мүлде, Кім білсін көңілі онын әлде кімде. Қүр күліп, мазак етіп жүрген шығар, Келгізіп, дәме.іепііп күнде-күнде. Естілді сауған сүті күлағына, Саумай сүт оған мойын бүрады ма? Жігітті балқыттырып түрған әлде Ақ сүттің аққан тасып бүлағы ма? Сауды сүт күндегіден екі есе артық, Күлімдеп масайрайды көңілі шалқып. Екеуі әзілдесіп қайтты үйге, Түбінен жас жүректің сырлар тартып. Жадыратқан жанымды, Көктемнің шуақ куні еді. Өсіріп қуат, әлімді, Самал жел беттен сүйеді. Бүйірі шыгып бултиып, Қозылар асыр салады. Жатқанын жайлап жүр жиып, Ауылға беттеп барады. Егіздеп өскен қойына, Қойшының тойып көнілі шат, Қуаныш толып бойына, Табады ләззәт, рахат. Қойдай боп өсіп төлдеген, Өрбісе шіркін өленім. Ренжу, қажу білмеген Бақытты жанмын дер едім. Өсіре бер төліңді, Шын бақытты өзіңсің. Таңдап жай, шүйгін жеріңді, Кеңейе берсін өрісің. Бағбанға Көрсем көркем паркті, Тоғай боп өскен ағашы. Шақырып тұр ғой халыкты, Жұпар боп аңқып ауасы. Неткен шебер қол еді, Баладай күткен бүтақты. Қүмартып әркім келеді, Гүлдерін сәнді үнатты. Отыршы, досым, дем алшы, Саялатшы жаныңды. Сөзіме менің ой салшы, Айтып берші барыңды. Болса шіркін еткен іс, Көзге түсіп парктей. Жыр етер ем жетсе күш, Еңбекті жазып, дәріптей. Еңбеғін жанған, бағбаным, Шаршама да жалықпа. Ылғи да алғыс алғаның Қызмет етіп халыққа. Туған жерім Туған жерім-шексіз /ка і каи лаласыц, Қыран да ушып болжай алмас шарасың. Күн-күн сайын қүлпырасын жасарып, Таңғажайып тамаша боп барасың! Бауырыңда өсіп, канат қақтым, түледім, Бір өзіңде үялады жүрегім. Әлпештедің саяңа алып анамдай, Сені сүймей кімді сүйсін түлегің?! Әлі есімде откен жастық күндерім, Жиган таңдап жүпар иіс гүлдерін. Желдей жүйіткіп, жалаң аяқ жүгіріп, Көк шалгыннан балдай жидек тергенім. Содан бері өтті міне талай жыл, Түлей түсіп түрленеді ой мен қыр. Күндер өтсе, жас баладай толасың, Ауыз айтып жеткізе алмас неткен сыр. Шалқытасың коңілімді хош етіп, Жас бөбектей әлдилетіп, тербетіп. Дариядай толқынды егін, бау-бағы, Түргандай-ақ бәрі бірдей әндетіп. Бара қалсам егіншінің қосына, Шаттық лебі шалқиды кеп жосыла. Бойым балқып билеп мен де кетемін, Еңбектің шат әуеніне қосыла. Қойшысымын ауылдың, Өсіріп төлін қой баққан. Аяз, боран, дауылдың Өкпесін тесіп жол тапқан. Ыстыққа балқып жазында, Суыққа қатып шыңдалған. Бейнетгің кобін, азын да Есепке алмай қырланған. Жайып жүрген толдерім Жырым да сол, әнім де. Демеймін тоңдым, шөлдедім, Өсірсем аман бәрін де. Өн салып жүрсем далада, Қосылып жел де кетеді. Нажағай ойнап аспанда, Қарсы алып жарқ-жүрқ етеді. Бәрі де кәрі достарым Түманы да, сағым да. Мен болсам келдім тосқаның, Болайық бірге тағы да. Соға бер жүрек талмашы Соға бер, жүрек, талмашы, кажыма да, шаршама. Ауыр деп ойға алмашы, Көтерсең жүк қаншама. Тасқындатшы ыстық қан, Өзеннің аққан суындай. Үрлықшыл уақыт қалсын таң, Соққанына қажымай. Көштің алды (Баян-Өлгиден келген қазақ ағайындарға) Көктемнің хабаршысы-карлығаштай, Қаймығып, қиындықтан қорқып, саспай Алыстан аңсап келген бауырларға, Қалай жатам қуанып қойнымды ашпай! Дүниенің жақсы-жаман бәрін көрген, Өз қаным ғой, туыс қой, іздеп келген. Қарсы алдык-ау қанқүйлы жандарды да, Төрде отырып текемет тілгілеген. Үмытпаған жерлерін атамекен, Шын перзент, нағыз қазақ өздері екен. Ел салтын елде жүріп білмей келсек, Ұстаған қазақ жолын берік бекем. Жүрсе де жат өлкеде елден ауып, Төнсе де бастарына талай қауіп, Қазактың ата салтын сақтай білген, Өмірдің, адамдыктың жолын тауып. Бұл өзі гибрат алар біздерге үлгі, Мәңгүрт боп жүргендерге осы күнгі. Бойында қаңга сіңген намысы жоқ, Білмеимін, менсінбейтін тіл мен дінді. Үлкенді, ата-анасын сыйламайтын, Айылын бүзық істен жинамайтын. Үркетін үлгілі істен кей жастар бар, Жанын да еңбек етіп қинамайтын. Қуанам келгеніне көштің алды, Сергітіп, қыздырады бойда қанды. Бас қосар бүкіл қазақ тозып кеткен, Алдына үлы көштің соқпақ салды. Елге кеп ел қосылса қүт демей ме, Елінен ел кеткенде жүі демей ме. Қосылса басыңа бас, асыңа ас, Мүны бір жақсы ырымға теңемей ме? Ой тастап сәулелі күн келешекке, Бел буған жүрмейік деп енді шетте. Өсірмек өз үрпагын өз жерінде, Бүл жаққа келген емес тектен текке. Дәл бүған ешбір істі теңгермейтін, Намыс пен даналыкты көргендеймін. Бет бүрып мекеніне оралғанын, Жау жеңген ерлік істен кем демеймін. Қуанам енді үлы көш басталар деп, Бар қазақ келген елді қарсы алар деп. Еңіремей өзгелердің тепкісінде, Бірлесіп ел болуга ой салар деп. Жалтаңтап көп тобырдың соңына еріп, Жүрміз ғой аз болған соң корлық көріп. Пайдасын озіміз-ақ көрмейміз бе?-Халық боп егеменді алсақ ерік. Басына бауырлардың қүт орнасын, Коңілін лайым тек кір шалмасын. Жаяйық дастарханды ақ ниетпен, Бөтенсу, жатсынуды ойға да алмасын. Семізді деуші едік қой қонақ жесін, ¥мытқан қазақ жолын жан демесін. Еншіміз бөлінбеген бар емес пе, Аяймыз қолда бардың енді несін?! Қуанып қандастарға тілек тілеп, Дүрсілдеп атша тулап соғар жүрек. Қосылып елдегі де, шеттегі де, Бас қосып бір-біріне болсын тірек. Қайтеді жүзге, руға бөлінбесек, Тату боп қолда барды бөліп жесек. Тыңдайық ел басқарган даналарды, Орынсыз арттарынан ертпей өсек. Қор болмай ешбір жанға, болмай мазақ, Бас қосса тоз-тоз болып кеткен казақ. ¥мыт боп коңілім жай табар еді, Жан төзбес бастан кешіп көрген азап. Даланың бетгі сүйіп самал желі, Сайрандап өз жерінде қазақ елі. Бір өссін шаттықпенен бауырларым, Гүлденіп Сарыарқаның сары белі. Уа, қазақ, кезің келді сестенетін, Жолың ба әділ істен сескенетін. Көтеріп шаңырағыңды жаңа отау боп, Тап қазір осы үлы істі ескеретін. Асыңды аузыңа сап ешкім бермес, Қарманган, деуші еді ғой, қарап өлмес. Ел болып өскендерден кембіз бе біз, Талпынса іс болмайды қолдан келмес. Тілімнің үшырарсың киесіне Менің тілім-қастерлі қазақ тілі, Ата-бабам жеткізген сақтап мүны. Сом алтындай асылдың асылы еді, Түрганына қынжылам кетіп қүны. Қиын дауды екі ауыз сөзбен шешкен, Сөйлегенде іркілмей желдей ескен. Ел бірлігін сақтаган тіліменен, Би, шешендер шыгарма өмірі естен. Менің тілім жауға да өрт боп тиген, Жалынынан шарпылып лаулап күйген. Дүшпандары сескенсе дір-дір етіп, Түсінген жан қүрметтеп басын иген. Шешілмейтін шиенің жігін тапқан, Сараңды да жібіткен тас боп қатқан. Ашыққанда тойынар азық болып, Шөлдегенде зәм-зәм боп сусындатқан. Данышпанның көкейде әдемі ойы, Осы тілмен сөйленген өмір бойы. Ақын-жырау төгілтіп сөз асылын, Әсем әнмен басталган ойын-тойы. Ақыл алып үйренген үлкендерден, Халык едік сөзді үгып, қадірлеген. Айтқанына ағаның қарсы келмей, Абыройлы аталар бата берген. Сол батамен бұла боп өсіп едік, Талай қызық дөуренді кешіп едік. Тілден балды тамызып, масайрасып, Қолда барды бөлісіп жесіп едік. Қажып қалган қалжырап қайран тілім, Айта алмайды өзінің зарлы мүңын. Жетім өскен баладай жаутаңдайды, Қатарға енбей әлі де жүр ғой бүгін. Ана тілін кейбіреу біліп жүр ме, Қазақша айтсаң қүлаққа іліп жүр ме. Басқа тілде сөйлесіп мәз болады, Мазақ етіп өз тілін күліп жүр де. Білімділер ел бастап тәуір деген, Әлі де аз тілімнің қамын жеген. Тойғанына қарнының қүр мәз болып, Өзге тілде өзеуреп шүлдіреген. Қалғанымен сәл уақыт багы тайып, Бас көтерер ертең-ақ, қанат жайып. Көзі ашылмай бықсыган оттай болса, Жарқыратып сәулесін лаулатайық! Қасиетті, қастерлі қазақ тілі, Келе жатыр алдынан туып күні. Судан шыққан балықтай болар әлі-ақ, Мойын бүрмай, менсінбей жүрсе мүны. Кім десеңдер оз тілін қорлағандар? -Адамдық қасиеті болмағандар. Бүларды қандай жан деп білгің келсе, -Намыссыз, қансыз болып сорлагандар. Түбінде оралып бас иесің де, Қадірін біліп өзің сүйесің де. Адаспай мезгілімен бетті түзе, Тілімнің үшырарсың киесіне! Үш арыс Ежелден кұтты қоныс біздің Нұра, Жері жоқ жамандайтын ала-кұла, Дем алып саясында, суында ойнап, Жастары ақ сазандай өскен була. Жақсы адам туады екен жақсы жерде, Ақын да, ел данасы кемеңгер де. Шалқытып қиял, ойды тербетпей ме, Ауасын тоя жұтып сіміргенде. Нураның бой жеткенде қызы қандай, Көз тартып түзу өскен өрім талдай. Әдепті сөйлескенде жігіттері, Аузынан шыққан лебіз шекер балдай. Өткізген бар өмірін еліне арнап, Туыпты бүл өңірде талай саңлақ. Бір сырлы, сегіз қырлы шеттерінен, Бір күдай жаратқандай өзі таңдап. Масайрап, күлім қағып сай-саламыз, Біз бүгін үш арысты еске аламыз. Халықтын абзалдарын ардақтамай, Өмірде мүнан қымбат не табамыз. Бәрі де туган еді ел багына, Мерт болды-ау, әттең дүние-ай дер шағында. Құрметтеп басымды иіп, тәжім етем, Абдолла, Кәрім, Сәйділ аруағына. Қалайша атамаспын Абдолланы, Халқы үшін шықсын деген шыбын жаны. Бақытқа туған елін бөлеймін деп, Төгіліп сан шайқаста аққан қаны. Оны айтсам Сәкен келіп түседі еске, Екеуі жан аямас дос емес пе?! Төрінен Сарыарқаның самгап үшып, Қос қыран ел қамы үшін түсті егеске. Абдолла жігіт еді жалындаған, Бой бермей бәйге атындай арындаган. Дүрыс жол жүрт аңсаган осы ғой деп, ¥ранға ере шапты дабылдаған. Кім білғен оның түбі дерт боларын, Дүниені күйдіретін өрт боларын. Жолымен әділдіктің жүремін деп, Білмеді қапылыста мерт боларын. Ақыры жазықсыз-ақ тартты жаза, Елінің шымбайына батты қаза. Есінен омір бойы шығармайды, Өз үлын жаны жайсаң, ары таза. Кәрім Сарқылмас түла бойға біткен дарын, Таңғалтып тамсандырған жүрттың бәрін. Еске алып ескеретін орны бөлек, Білімнің дариясында жүзген Кәрім. Күш, жігер асқан ақыл бойын кернеп, Талпынды биік қүзға қүлаш сермеп. Кездескен қиындықтың бәрін жеңіп, Гылымның шынына да шықты өрлеп. Көп еді істер ісі ойына алған, Шөл дала гүлденсе деп армандаған. Сол кездің даңқы шыққан ғалымдары, Қүрметгеп оны ерекше бағалаған. Жарқ етіп көрінгенде жаққан шамдай, Жүрт қалды қайран болып, қағып таңдай. Секілді аққан жүлдыз сөне қалды-ау, Жарқырап сөуле шашып үзақ түрмай. Басқаға бір өзінен бәйге бермей, Жүйіткіді тосқауылға тіпті көнбей. Суырылып дара шыққан жүйрік еді, Мерт болды қапылыста Қүлагердей. Табиғат басын иіп мейірімді ана, Паш етті сырлар ашып нелер жаңа. Өмірде үмытылмас аты қалды, Біз түгіл оны іздеп жүр Бетпақ дала. Шығатын жүзден емес, мыңнан ғана, Қалатын көрген адам таң-тамаша. Халқының мәңгі есінде сақталады, Өмірге жиі келмес мүндай дана. Нұраның бір түлегі Сәйділ аға, Асыл ер ойы теңіз жетпес баға. Талпынып жастайынан білім іздеп, Өзінің қатарынан шықты дара. Тыңдасаң сусындаушы ең әңгімесін, Адамды балқытатын алып есін. Өткенді, жаңаны да сөйлегенде, Көзіңе елестетер тарих көшін. Жалықпай талаптанып, өнер қуып, Адамдық, жақсылыққа болды жуық Қыр, сырын дүниенің терең білген, Мүндай жан келе бермес қайта туып. Адам ғой көп тоқыған, көпті көрген, Тамсанып не айтса да төгілдірген. Іркіліп сүрагына қысылмайтын, Асыл сөз агылатын кемеңгерден. Жан еді үздік туған алғыр ерен, Ғылымға қүштар болған түбі терең. Шынжырлап аяқ, қолга кісен салды, Не керек жайгызбады қүлашты кең. Бүл қысым жасытпады асыл жанды, Жүйріктей өршеленіп өрге салды. Тер токкен жан аямай еңбегінің, Өлмейтін омір бойы ізі қалды. Бірі артық дей алмаймын бірі кем деп Өнердің бәрі шықты шыңына өрлеп. Бітіпті бойларына таудай талап, Арманы, қиял-ойы бойды тербеп. Бұл ерлер елге бақыт тіледі де, Бүкіл жүрт муны жақсы біледі де. Өтсе де уақыт зулап шаң баспайды, Елінің сақталады жүрегінде. Баянды бақыт қонсын қазагыма Сарыарқаға кеп қалды ордам көшіп, Жаңа өмірдің алдынан самалы есіп. Байтақ далам түрленіп, қайта жасап, Қазақ жері гүлденсін алтын бесік. Бүл өлкеге қүт қонган хандар жайлап, Көкте торгай, тогайда бүлбүл сайрап. Мыңгыраган малы өсіп кең жайлымда Асыр салып жастары жүрген ойнап. Ұлытауда Алаша, Жошы жайлап, Бүлагында отырган бие байлап. Малмен қоса жайылып қүлан киік, Қүт береке болыпты бүкіл аймақ. Атырауга Алтайдан қанат жайып, Халықтың дәулеті осіп, жүрген байып. Төсіне Сарыарқаның орда тігіп, Қонысын тапты міне жаңа лайық. Көкшеде мекен теуіп хан Абылай, Ел қоргап, жорық қылган талай-талай. Бірігіп тас түйін боп бүкіл халық, Еретін хан соңынан бірі қалмай. Жан салып жау келсе де каіі жағынан, Қутылған ойраттардың ойранынан. Көтеріп бастарына әділ ханды, Құрметтеп қасиеттеп ел бағынған. Басынан туған елім не кешпеді, Бодан болып қыз туып, ул өспеді. Патшасы да, қызыл да қырғын салып Еңсе түсіп, өзгемен теңеспеді. Көтергенмен нарықтың ауыр жүгін, Қуанар да толғанар күнім бүгін. Тәуелсіз ел болудан не қымбат бар Ойланғанда келешек істің түбін. Азаттықты аңсаған Кенехан да, Қырық бөлініп үйқысы қысқа таңда. Ел мен жердің сүйетін ерлерімнің Алыспаған бүл жолда бірі бар ма?! Асыл ғой баға жетпес егемендік, Өмірде болыппа еді мүндай теңдік?! Ел болып қатарласып басқалармен Көз ашып кең дүниені жаңа көрдік, Жерімізғе өзіміз ие болып, Еркімізбен отырмыз көшіп, қонып. Жердің асты, үсті де мол қазына Сарқылмайтын мәңгілік жатқан толып. Рахатын солардың халық коріп, Гүлдеп өсіп еліме кірер көрік. Бар қиындық бүғінғі артта қалып Еңбегінің жемісін жүрсін теріп. Құдай берген тәубә қып мундай сыйға, Харекет қып, талпынып есті жина! Қолға түскен асылдан айрылмайык Қылсақтагы бүл ушін жанды пида. Келе жатыр жазымыз жаңа шыгып, Бәйшешектер гүлденер жатқан бүгып. Жаңа өмірге бет бүрды саналылар Оның жолын келешек терең үғып. Сүмдардың түсіп бақтық азабына, Қалмайық енді ешкімнің мазагына! Ақордам сәні кіріп жайнай түссін Баянды бақыт қонсын қазағыма! Желтоқсан лебі Алатаудың бауыры Тунжырап тиыш тур еді. Намыстың күшті дауылы, Тыныштықты түреді. Жер шайқалып кеткендей, Қазак жері сілкінді. Қүлақты жарып өткендей Естіді әлем қатты үнді. Дүрлігіп түрды бар халык, Көтеріп басын шошынып. Бостандықтың үні анық Кетті көпке қосылып. Әділеттік пен зүлымдық, Бетпе-бет келіп шабысқан. Туғызып қасірет бір сүмдық, Қызылдар шашты қызыл қан. Қазақгың ару қыздарын, Шашын жүлып сүйретті. Ер жүрек өжет үлдарын, Күрекпен үрып күйретті. Әділдікті жоям деп, Дүлей күштер айқасқан. Жауыздық коріп жерден коп, Тітіркенді кок аспан. Алатаудан шығандап, Қазақгың даусы естілді. Дүниеге үран сап, Бүрып алды көңілді. Ақиқаттың нүрынан, Жауыздық та жасканды. Қоғам жаңа қүрылган, Желтоқсаннан басталды. Қазақ еді ежелден, Байлық пен жердің иесі. Жазықсыз қанның төгілген, Жібермеді киесі. Шайқалып кетті теңселіп, Қызылдың темір қарғаны. Әділдік жеңді еңсеріп Қара күш қайтып оңбады. Азаттық туы тігіліп Еліміз дүр сілкінді. Жаудың белі бүгіліп, Көрдік жарық бүл күнді. Қиындық аз күн болды деп Түседі неге енсеміз! Теңесіп көппен қатар кеп, Біз де әлі-ақ өсеміз. Еркіндік елге әкелген, Желтоқсанның лебі еді. Көк байрақты котерген Бәрін де халық жеңеді. АРНАУ ӨЛЕҢДЕР (ҮШІНШІ ТАРАУ) Табынамын Абайга УІек гепке кірген күннен босаға аттап, Жырларын ¥лы Акынның көрдім жаттап. Кездескен газетген де, журналдан да, Қиып ап Абай сөзін жидым қаттап. Баулыды адамдыққа көзімді ашып, Күш берді шаршаганда қажып, жасып. Сәулелі келешекке жол сілтеді, Кеудеме шыққан күндей нүрын шашып. Түмар қып содан бері тагып келем, Өзіме ақыл берер серік көрем. Мен үшін күнде жаңа көрінетін, Жай тапты жүрегімнен тамаша өлең. Білуге бәрін тегіс келмей шамам, Окуга дүркін -дүркін колыма алам, Теңіздей жете алмайтын түбі терең, Ойына данышпанның қайран қалам. Қайгырган қазагым деп жаны шыгып. Біз неге іс қылмаймыз Абайды үгып. Айырмай жақсы-жаман, дос-дүшпанды, Сескеніп киындықтан жүрміз бүгып. Тек қана аягыңды баспай жаңсақ, Жол ашық не істесек, қайда барсақ. Еркіндік қолымызға тиіп-ақ түр, Өмірден сыбаға, үлес алып қалсақ. Жалтақтап, ырысыңды жатқа бермей, Көрейік жалқаулықтың соңына ермей, Келе ме көктен түсіп керегіміз, Тер төгіп, еңбек етіп, бейнет көрмей. Шаттанып, шабыттанам Абай десе, Марқайып, масайраймын көңілім өсе. Қол созган батыска да, шыгыска да, Маңайлап, келе алады кім теңдесе. Шыңғыстан канат кагып, гарышка үшкан, Халықты кім кемітер Абай шыққан, Дүниеге аты әйгілі болып отыр, Болмай ма адам тәнті сөзін үққан. Түседі Абайды айтсам, Мүхтар еске, Екеуі серттескендей бөлінбеске. Қосылып қыранның қос қанатындай, Шарлаган жер-дүниені жан емес пе! Қазақтың күнгірттенген бетін ашып, Жарқырап, Абай шықты нүрын шашып, Әлемнің сахнасында күлімдеп түр, Бүгінде Абай, Мүхтар колтыктасып. Артынды сөз қалдырған өмірі өлмес, Дүниеге мүндай адам қайта келмес. Маржандай тізген теріп сөзі асыл, Таппасың сом алтынды бүгам тендес. Зорайып, абыройы күнде өседі, Даттаған қайтып келмес күн кешегі. Айтылған ғибратты сөздерінен, Желпінткен жақсылықтың желі өседі. Өлеңі халыққа арнап кеткен жазып, Түсінсең, жадыратқан жанына азық. Әді.ідік\ түзулікке жол сілтеген. Аспанда жаркыраган Темірқазық. Түратын бұлттан асып, көкке тиіп, Ақынның шыққан өрлеп шыңы биік. Паш еткен бар әлемге қазак атын, Табынам аруағына басымды иіп. Магжан Мағжан, Магжан, Ерекше туған, Бір бөлек жан. Жүлдыздай агып, Жаркырап жанып Түнекті жарып самгаган. Магжан, Магжан Кеудесі толы арман. Қатерден коркып таймаган. Елім деп еңіреп, Намысы кернеп, Өліммен де ойнаган. Күйдірген жанын, Кеудесі жалын, Сақтаган адамдық арын. Өтсе де таяқ еттең, Қайтпады алған беттен, Токсе де жендеттер ағызып қанын. Достары сүйген, Дүшпаны күйген, Жалындаган сөзінен. Жанынды тербеп Түсіріп өрнек Ағылды жырлар өзінен Жанымдай сүйіп, Басымды иіп, Аруағын сыйлап келемін. Жүргенде де айдауда, Аяк қолым байлауда, Жүртқа айттым Мағжан өлеңін. Болды ғой көпшіл, Мінезі өршіл, Түркінің ыстық каны бар. Көк бөрідей Күлтегіндей Сақтаған таза ары бар. Қорлыкка көнбей, Залымға сенбей, Іздегені әділдік. Қайнатқан қанын, Қинаған жанын, Халқы көрғен зәбірлік. Адаммын деген, Ел қамын жеген, Ерлер болса осындай. Белдерін буып Елге кеп жуық, Еңбектенер шошынбай! Мағжан, Мағжан! Ерекше жан, Сөздері оқ боп атылған Тигенде жауға Айткызған тәубә, Кем болмай түскен жасылдан. Мағжан, Мағжан Ерекше жан Дос сүйсініп бас үрған Тербетіп жанды, Өлмейді мәңгі Асады талай ғасырдан. Қайғырамын қан жүтып /Жан досым Бүркіт қаза болғанда/ Қүрбы едік жастан бірге өскен, Жан емес сен дескен, Мінезі көпке сүйкімді, Адамдықтың желі ескен, Бірге боп қамау, түрмеде, Өткіздік күндер жан кешкен. Армандады көрсем деп Өзгемен елін теңескен Жайсаң жанның бірі еді Халқын ойлап қам жескен. Құрметтейтін ерлерді Азаттық үшін күрескен. Қадірлеп туған өз үлтын, Топасқа карсы тілдескен Елін сүйген ер еді, Намысын қорғап сөйлескен. Еңкеймей еркін түратын, Пасыққа карсы беттескен. Азапты көріп аяусыз, Өтті талай белестен. Сонда да жүрді кажымай, Арсыздарга көнбестен. Ақылы мол теңіздей, Қиын істі тез шешкен Өлімге қимас жан еді, Сұм ажал қалай кездескен? Қайгырамын қан жұтып, Қалғанға сені көрместен, Күндерім еске түседі, Сырласып бірге кеңескен. Жан аямас дос едік, Шыгармаспың сен естен?! Ғалымның арманы /Қаныш Сәтбаевтын 100 жылдық мерейтойына/ Зілдей тас иығына алған гендеп, Ерінбей ғалым шықты қияға өрлеп. Алысқа назар салып, көз жіберді Сүйсініп кең өлкеге жатқан көлбеп. Түлғасы шың басында таудай болып, Секілді алып қыран түрған қонып. Сарқылмас кеннің көзі - деп ойлады -Бүл жердің сай-саласы жатқан толып. Жотасы Ұлытаудың мүнарланып, Көрінді үшар басы бүлттар шалып, Кең жайып етек - жеңін маңайына Баіілықты қоймаларға қойған салып. Самалы Сарыарқанын бетке тиіп, Түрғандай әсер берді қүшып, сүйіп, Күлімдеп тәжім етіп тау, тасы да Қүрметтеп сыйлап түрды басын иіп. Төңірегі адыр-бүдыр, ойлы, қырлы, Ғалымға ақтара ашқан терең сырды. Еміренбей бедірейіп жатқан дала Қүшағын айқара ашып, жайып түрды. Қүпия көп дүниенің сырын ашып, Қаныш түр тау басында көңлі тасып, Сары дала шетсіз-шексіз сағым қуған Қойнына бар асылды жатыр басып. Көргенде Жезқазғанга ко.іын сүіып, Байқады мол қазына жатқан бұғып. "Халқым бір қарық болып қалса, - дейді Жарқырап мыс та, алтын да сыртқа шығып", Толганып ойга кетіп, көзін жұмып, Қозгалмай, қыбырламай қалды тұрып. Асаудай бүгауланып түсалмақшы Келген жер өмір бойы бермей ырық. Игеріп ала білсек жердің кенін, Байлыққа бөлер еді-ау қазақ елін. Еңбегім - деп ойлады - пайда әкелсе Арманым орындалар сонда менің. Адамга киял куган үксады да, Ғалым түр ауыр ойдың қүшагында. Сүйсініп ашқан сырга қуанса да Бір сезім түншықтырып қысады да. Күн болмай істен, ойдан дамылдаган, Бойынан арман қиял арылмаган. - Халқыма бір жақсылық жасасам- деп Өмірі үйқы көрмей арындаган. Арқаның байтақ сары даласында, Тау, жота, толған сайдың саласында. Таусылмас жатқан түнып қазына бар Жетерлік бүкіл казақ баласына. Не керек ойлагандай түспей пайда, Бар байлык кетіп жатыр әлдеқайда. Ырысын туған елдің өсірмесе Еңбектің кеткені гой еш боп жайга. Қожамыз бәрін істеп өзі ұнатқан, Ағылып табысымыз кетіп жатқан. Жерінен кен атқылап шыққанменен Масайрап халқымыз жоқ пайда тапқан Осы ойлар тұла бойын уландырып, Өзіне селт еткізіп алды бұрып. Тезірек түссе ғой деп армандады Қылқынтып ел мойнына түскен қүрық Ғалым да азаттықты армандаған, Ойынан жатса, түрса бір қалмаған. Қастерлеп асыл үлын тойлап жатыр Жеткізген еркіндікке жаңа заман. Өссін қазақ өркендеп қанат жайып /2000 жылдын басында туған сәбилерге сый-лық берген Еркін Жекенұлы Калиевке арнаймын/ Бөбекдаусын естісем інголоған, Қуанышты бір сезім кірер маған. Нәзіктікпен жан тербер әуеніне Тыңдаймын да сүйсініп елтіп қалам. Бар екенін білмеймін ненің күші, Жып-жылы боп кетеді адам іші. Бетке қарап күлімдеп жымиғанда Елжіремес, егілмес қандай кісі, Нүр тарайды көзінен күлімдеген, Жылағаны, күлгені бәрі де өлең. Тәй-тәй басып жүргені қандай қызық, Сөз сөйлесе жүрегім елжіреген. Ата болып жүргендер ақ ниетте, Тенемей ме баланы бауыр етке, Жаннан артық көрмейме бөбектерін Қай баласын теуіпті қазақ шетке, Атасымен бүлдіршін немеренің, Тек солармен шаттыққа кенелемін, Бәрі де адам болсын деп бәйек болам Өмірге мүнан артық не беремін?! Дүниеге келген соң адам болып, Үй ішінде бөбектер жүрсін толып, Бала болмай үйіңнің сәні бар ма Гүлденбейсің теректей қалған солып. Баланың да басынан бағы көшіп, Сәби үні сиреп барады өшіп. Тербетілмеіі күр каңсып калып жатыр Бөбек жатқан іңгәләп агаш бесік. Таба сала баласын тыгып тастап, Дағды боп түр сәбиден үркіп кашпақ. ¥рпақ өссін дегенді ойына алмай Елді күртар сұмдыққа жүр ғой бастап. Ойласаңыз баласыз өмір бар ма? Бар асылдың асылы бала ғана, Көңіліңді көтеріп жібермей ме, Кездессең де киындык кандай тарға. Қуанышым бойымды кетті кернеп, Жыр жырлармыз бесікті қайта тербеп. Саналы ерлер құрметтеп бөбектерді Сыйын тартып, көңілімді отыр демдеп. Сүйсінемін Еркіннің ерлігіне Қамал бұзған батырдан кемдігі не? Қалай ғана шаттанып қуанбаспын Тамаша сый тарту ғып бергеніне. Ел көшше де, отырса, бірге конса, Бірге күйіп ыстыққа, бірге тоңса, Қазақ халқы шарықтап өсер еді-ау Дәл осындай қамқоршы ер көп болса. Сүйсіндірген ісімен бүкіл елді Кім сүймейді риза боп мұндай ерді? Бұрын бала туғанын үнатпаса Еңді тілеп жүргенін козім корді. Қалып еді бөбектің уні шықпаіі, Қызық жоғын баласыз ешкім уқпай. Жас сәбилер көбейер деп ойлаймын Оны өлтіріп еш әйел інге тықпай. Есікті ашып күлімдеп жаңа гасыр, Қүрметтеп түр бөбекті - адамды асыл Шілдехана көбейіп елімізде Той боп жатсын әр үйде айран-асыр. Масқара әдет-баланы осірмеген, Бала өсіріп қызықтап көсілмеген. Сәбилерсіз халықта келешек жоқ Түйін еді бүл өзі шешілмеген. Басшылар да мүны ойлап елемеген, Дәл мүндай сыйлық беріп демемеген Халқым-ау үл-қызыңды өсіре бер Бөгеліп тоқырайсын енді неден? Қуанарлық іс боп түр таңгажайып Сәбилерге сыйлыгы болды лайық, Бөбектердің қатары күнде толып Өссін қазақ оркендеп қанат жайып! Алаштың ахаңы (Ахмет Байтұрсынұлының туганына 120 жыл) Қамалған елін, Сынатын белін, Ерте-ақ білген ер еді. Халқы ушін өлсе, Бейнетін көрсе, Өкінемін демеді. ¥лты үшін бастап көп істі, Жан аямай кірісті. Ашылмай түнек, Жүрт жатты жүдеп, Атар таң, сәуле білінбей. Оятып елді, Талпынып көрді, Үйқысыз көзі ілінбей. Маса да болды ызыңдап, Жаны да күйді шыжылдап. Қауіпті төнген, Алдымен көрген, Данышпанның өзі еді, Дабыл да қақты, Жүлқынып бақты, Өртеніп ел деп өзегі. Қайғымен кетгі-ау арманда, Көргені қорлық жалганда. Қырылып өліп, Зор катер төніп, Халқы да қүри жаздады. Айрылып діннен, Жаңылып тілден, Аз болмады азғаны. Ойланар бүгін күн туды, Ел болуға бел буды. Күн нүрын шашып, Ырысы тасып, Көркейсін енді туған жер. Алтындай сақтап, Сөзінді жаттап, Кез келді көпке күлімдер. Ардақтысың асыл ер, Халқы үшін туған кемеңгер. Белінді буып, Намысын куып, Таппадың уақыт жатарға. Азаттық үшін, Жүмсалды күшің, Қоспақ боп жүртты қатарға. Өткіздің өмір азаппен Тағдырың бір боп қазақпен. Көздерін ашты, Тәй-тәйлап басты, Қүл болған қазақ кешегі. Болса да қиын, Тапшы боп бүйым, Еркіндік желі еседі. Әйгілендік әлемге, Қуанам мүны корем де. Еңселі ел боп, Өзгемен тең боп, Есін жиып келеді. Еңбегі жанды, Бостандық алды, Осы еді гой керегі! Халыктың болып калауы, Желбіреп тұр жалауы. Тіледі елдің бірлігін (Бұқар-Жыраудың 325 жылдық мушел тойына) Қабыл ал жнналған журт сәдем бердім, Алдына басымды иіп бүкіл елдің. Өлеңмен ақ жүректен шашу шашып, Ту қылып тілегімді ала келдім. Мен қалай куанбайын, шаттанбайын, Бас қосып жиналғанда бар агайын. Данышпан Бүқардай ғып үл туғызган, Елінен, жерінен де айналайын! Жиналып, басын қосып, кәрі-жастың, Бірлікке бүгін халкым кадам бастың. Сүйіндік, Қаржас елі масайраңдар, Осы той бәріне ортақ алты алаштың. Кеп түрган баласымын Қуандықтың, Заманын аңсамаймын жуандықтың. Ғарышқа қазақ даңқы өрлесін деп, Қолыма аспан түстес ту алыппын. Түрғам жоқ ескі әдетпен ру қуып, Рушыл, жүзшілдікке келмен жуык. Білгеннің ата жөнін сөкеті жоқ, Қай жерде, қандай елде өстін туып. Бірлікпен тігілсін деп қазақ қосы, Жыраудың кексеп кеткен арманы осы. Сыйласын өзін өзі қазақ жүрты, Болгандай бірі туыс, бірі досы. Еліне бақыт тілеп армандаған, Шешетін ел тагдырын ер таңдаған. Халқыңа қорған болған ханды ұнатып, Бұқар да Абылайлап ұрандаған. Сүйгені туған жері, елі емес пе, Ақылы тасқын бүлақ кең емес пе. Бүқар мен Қазыбектей үлдар шыққан, Сары-Арқа баға жетпес жер емес пе?! Үйықтамай тілегені-елдің қамы, Бүлт баспай шықса деді атар таңы. Бас қосып бүкіл қазақ отау тікті, Тілеғі осы еді ғой аңсығаны. Ас кетер ала болсақ ауыздағы, Күншілдік жабыспасын сор боп тағы. Ер туып елді билер өсе берсін, Жарқырап өркені өсіп, жанып бағы. Бүхардай туған бала дана болсын! Әділдік жүрген жері сара болсын! Ақылмен Нүрсүлтандай елді бастап, Халқына жел откізбес пана болсын! Ел болып, билік алып еғеменді, Тілегін халқымыздың қүдай берді. Торлаған қара түннің бүлты ыдырап, Ақыры әділдіктің күші жеңді. Тіріліп өлгеніміз, сонген жанып, Ахаңды, Шәкендерді жүрміз танып. Жүсіпбек, Міржақып пен Мағжандарды, Оқитын болды теғіс, сүйіп халық. Өркені өсіп, бақ конып, өссін қазак, ¥мыт болып бұрынғы көрген азап. Бір ордаға жиылып басын қоссын, Тарыдай боп дүниеге кеткен тарап. Сәкен тойында Қойныма қуанышым сыймай тасып, Мен түрмын өлеңменен шашу шашып. Арналған үлы ақынға мерей тойдың, Халыққа жіберейін бетін ашып. Сүйсініп Сәкен жырын оқып келем, Еліктеп мен де ақынға жаздым олең. 'Жаннатта жаны болсын жақсы аға"-деп, Бас иіп аруағыңа сәлем берем. Ерекше кесек түлға Сәкен ақын, Сүлулық, әсемдікке табынатын. Әні бар, тартып берер күйі де бар, Өзінен бәрі соның табылатын. Ардақтап туған жерін жандай сүйіп, Елі үшін үйқы көрмей тартқан күйік. Жандарға мен-менсінген кеуде керіп, Көрмеген омірінде басын иіп. Шабытпен елді, жерді жырлап өткен, Елжіреп бауырында ой тербеткен. Қүбылтып тау ішінде салған әні, Әдемі саз әуенмен бізге жеткен. Халкының ер болған соң қамын жеген, Ел-жүрты еркелетіп қадірлеген. Қан жауып, қара түнек түрған шақта, Қүрбан боп зүлымдыққа кетті неге. Жан едім Сәкенге ылғи қызыгатын, Орын ап жүрегімнен түрды жақын. Өткіздім азап жолын мен де бастан, Қүмартып оқимын деп "Қызыл атын". Түрме бар Алматыда түсі суық, Маңына келе алмастай адам жуық. Қазақтың терең ойлы асылдарын, Кіргізген бүл қапасқа қойдай қуып. Сәкен де осындайдың болды бірі, Шықпайтын бүл апаннан ешкім тірі. Сүмдардың азаптаған соққысынан, Өзгеріп адам шошыр кеткен түрі. Газиз-жан ес-түсы жоқ жатыр талып, Жендеттер жентектеген ортаға алып. Ыңырсып қиналса ол мәз болады, Зүлымдық істеріне мейірі қанып. "Өзіне сол керек"-деп табалап түр, Қүзгындай жемтік көрген қамалап түр. Тагы да жан жерінен қаппақ болып, Шынжырлы тебеттердей абалап түр. "Айтқанга мүндай итті көндіреміз, Басына қатер бүлтын төндіреміз. Көрейік мықты болса-дейді олар-Қайраты өрт болса да сөндіреміз". Қолданып не сүмдыктын қолда барын, Қор қылып есіл ердің төккен арын. Азаптың неше түрлі жолын тауып, Кетірген ақырында оның сәнін. Есінен тандыратын кезек үрып, Жыртқыштай қанды балақ алар бүріп. Әдемі қияқ мүртын мазақ етіп, Қорлайтын жанын қинап талдап жүлып. Соншама өшікті екен бүған неге, Азаптың салып бақты бәріне де. Хайуаннан қайуандығы асып түсіп, Қинаган ши жүгіртіп тәніне де. Қазірде бүл сүмдықты көп жан білмес, Күн болган жүрт жадырап, адам күлмес. Сене алмай бір-біріне үрке қарап, Сырласып екі-үш адам қатар жүрмес. Ол кезең әділдіктен безген заман, Адамды адам-ау деп санамаган. Жазықсыз талай боздақ қүрбан болды, Олардың обалына қарамаган. Ұлылық бір бойына түрган сыйып, Алгандай жақсылықтын бәрін жиып. Көркіне көрген адам тамсанатын, Атты екен оны қалай козі қиып?! Асыл азамат (Даулетбек Әкімбекұлының 70 жылдығына) Шарасыздан өлімге адам көнген, Талай абзал жангдардың нуры сөнген. Қара жердің койнына қимайтынды Қап-қараңғы апарып көрге көмген. Дәулетбекті әкетті-ау ажал шіркін, Хикая еді онымен откен бір күн. Қүлімдеген келбеті көз алдымда Есіме алып іздеймін дүркін-дүркін. Адам еді ак көңіл анкылдаған, Еш адамнан жатсынып тартынбаған. Кездескенде куана қүшак жайып Амандасып, жөн сүрап жалпылдаган. Әңгімеге қызғанда кетер шалқып, Алушы еді үйіріп ішке тартып. Алысты да, жақынды бірдей көріп Көпшіл болган сүйкімді мінезі артық. Сөйлесе сөз бүлақ боп агып жатқан, Тыңдағанда жүректен орын тапқан. Өн бойыңды еріксіз билеп алып Тілінен бал ағызып сусындатқан. Алаңдамай жан-жаққа мойын бүрып, Қалатынбыз кездессек дүкен қүрып. Сүқбаттасып, сырласып, мәз-мәйрам боп Орнымыздан кетуші ек зорга түрып. Адам еді ерекше жөні басқа, Толған екен бүгінде 70 жасқа. Ұмытқан жоқ аталап немерелер Шара бар ма оны іздеп сағынбасқа?! Шатганғанда қолына домбыра алып, Көтеретін коңілді әнге салып. Қонағына құрметін аямайтын, Разы боп кетсін деп мейірі қанып. Қоңырлатып, тебіреніп салған әні, Естіледі құлақтан шықпай әлі. Әңгімеге, ән-күйге тербетіліп, Рахатқа бататын адам жаны. Ұшып кеткен қүстай боп қайтып қонбас, Үңірейіп алі түр орны толмас. Бір көруге зар болды дидарласып, Жақын-жуық, ағайын, қүрбы-қүрдас. Отырганда әр істі еске салып, Тыңдаушы едім жалықпай қүмарланып. Қауқылдасып бір жасап қалушы едік, Бірімізді біріміз іздеп барып. Сырласатын бүгінде ешкім болмай, Жаутаңдаймын адасып қалған жандай. Дәулетбектей адамдар қайдан келсін, Қүрметтейтін Мақа деп жаны қалмай. Келешекте өмірге үлкен тірек, Балалары гүл жайнап өссін түлеп. Тамамдайын созімді қолды жайып, Өзіне-иман, үрпаққа-бақыт тілеп. Әулиедей пір тұгамын кадір.іеи (Мухтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойына) Әділдік пен теңдік үшін алыскан, Абактыда, капаста отыр данышпан. Мейірімі жок қорқаулардың найзасы Жүрегінен қан агызып шанышқан. Жан-жағына мойынын да бүргызбай, Қойды тығып бір орыннан түргызбай. Із-түз қалмай сөніп қалар түрі бар Қара түнде ағып түскен жүлдыздай. Дер шагы гой ойменен кен қазатын, Сом алтынды тастан аршып алатын. Кеткен, келер өмір жолын өрнектеп, Бүрқыратып тыным алмай жазатын. Зүлымдықтың жеңіп түрган кезі еді, Оңайлықпен қүтылмасын сезеді. "Қалады-ау"-деп көп ойларым іске аспай Күрсінумен өртенеді өзегі. Міне бүгін азап шегіп, қамауда, Шамасы жоқ алды, артына қарауга. Бойындагы қасиетін не қылсын Дайын отыр быт-шыт қылып талауга. Жан аямас жатқандарды қамалып, Қандалага қаны шығып таланып. Еңбек етіп жүрсе дагы елі үшін Жазықсыздан "халық жауы" саналып. Құртсақ дейді ебін тауып калайда, Жауыз жандар адамдыққа қарай ма?! Жасайтыны: кісі өлтіру, қиянат Буғау салып шынжырлатып талайга. Тіміскілеп соңынан еш қалмады, Не қылса да құрту болып арманы. Жасып қалмай көрген қорлық, қысымга, Көтеріліп тек биікке самгады. Дархан дарын тежеуге ешбір көнбеді, Тасып жатты асыл сөздің өрнегі. Қанден иттер етегінен тартқанмен Шыңыраудан шыңга қарай өрледі. Үшып шықты тіпті биік алысқа, Шарыктады қанат қағып гарышқа. Атақ, даңқын бар әлемге паш етгі Озып шығып қатарынан жарыста. Шолпандай боп дара туып шыгыстан, Әлемдегі ойшылдармен уғысқан. "Абай жолын" бүкіл халық қастерлеп ¥лы ақынмен анық біліп танысқан. Оқыганда Әйгерім мен Тоғжанды, Барлық қазақ қыздарына таң қалды. Аналардың анасы-ау деп сүйсініп Қүрмет тұтты Зере менен Үлжанды. Қазақ елін бүрын ешкім білмеген, Көңіл бөліп, көзіне де ілмеген. Дүниені Абай болып аралап Ешбір адам қатарга өніп кірмеген. Естімеген ат-жөндерін бүрын көп, Сүйсінді енді: "Мынау Абай елі"-деп Мүндай халық өмір бойы өлмейді ¥лдары бар жүрген елдің қамын жеп. Білді бәрі қазақ деген ел барын, Шағаратын өлең, жырмен мүң, зарын. Отар болып еңіреп келген елдерге Естіледі тағдыры үксас бір сарын. Сөйлеп кетті шет елдегі тілдерде, Ұнап жатыр оны оқып көргенге. Қасиетті кітаптардың бірі боп Тарап кетті алыстағы елдерге. Актарғанда кітаптардың сөресін, Таныс атка көңіліңді бөлесің. Алып койған биік жерге кадірлеп Бәрінде де "Абай жолын" көресің. Жарқыратқан ел өмірін бүлыңғыр, Тегіс білді Мүхтар атын ой мен қыр. Кітаптары алтынменен түптеліп Гете, Шиллер, Байрондармен қатар түр. Мқхтарды айтсам Абай түрар қасында, Бірғе жасап кетер талай ғасырға. Сүйсінбеспін мен қалайша шаттанып Бүкіл әлем тойлап жатқан асылға. Ерекше, үздік асып түсіп қалыптан, Мүхтар шықты қанат қағып халықтан, Әулиедей пір түтамын қадірлеп Қазақ елін бар әлемге танытқан. ДАСТАНДАР (ТӨРТІННІІ ТАРАУ) Мешкей мешін Алғы сөз Түнертіп қайгылы ой қара тундей, Келеді көптен бері бойды керней. Жеңілсін ауыр салмақ түскендей боп, Көңілден мүн тарамас айтып бермей. Мен жырлар қанды жылдың аты мешін, Кетірген ойран салып елдің есін. Боздақтар сол кезеңде жан тапсырған, "Тірілер ескермеді" - деп жүрмесін. Көкейін көп адамның өртеді де, Сыркырап түла бойы дертеді де. Сүмдык жыл бір мың тогыз отыз екі Түрады бір зарлы күй шертеді де. Бүл жылда жатыр толып қайгымен шер, Елес боп көз алдымда жан түршігер. Халықты қан шыгармай қырып салған Еститін пәубег пе еді, көзбен көрер?! Сезілер жан тозбестей ана шері, Бір талшық нәр таба алмай аққан тері. Жан берсе жас бөбегін қүшақтап жатып, Болар ма аштан өлсе оның көрі?! Өлсе де ана емшегін аймалаган, Қалып түр қандай үміт жас баладан. Дүшар боп ел аштықтың обасына Кесел ғой біздің жүртқа кеп тараган. Індетті бастан кешкен ел біледі, Сүйегін шаңмен баскан жер біледі. Көк шыбын үймелеген тән сасығын Таратқан алып үшып жел біледі. Бүл өзі болган опат, ауыр жара, Айрылған иесінен жылап дала. Булыгып нелер абзал үн шығармай, Қоштасқан кең дүниемен таппай шара. Аруақтар көз алдымда елестейді, ¥мыт боп, естен шығып ескірмейді. "Тірілер, біздерге де дұға оқым - деп, Ентелеп, қаптап келіп дес бермейді. Шама жоқ тірілтуғе не қыласың?! Тек қана жаныңды жеп қиналасың. Жазықсыз жан тапсырған бейбақтар-ай, Қан болып көктен жауды сенің жасың. Жетеді өлгендердің үні толып, Мүң-зарын айтқандай боп, қүлақ шалып. Рухы риза боп қалар ма екен, Қанды жас мен де төктім қалам алып. II. Жалғыз атты жолаушы Жолаушы келе жатыр жалғыз атты, Мүлгиді есі ауғандай жүрмей қатты. Білмейді өңі екенін, түсі екенін Коргені соққы болып жанға батты. Қаладан шығып еді өзі ғана, Аңсатып, сағындырып өскен дала. Журегі алып-ушып лүпілдейді Аман сау жүр ме екен деп ата-ана. Естіген елде аштық басталды деп, Талайлар қара жерді жастанды деп. Көмусіз қалган шіріп сасық дене, Жер түгіл былғайды екен аспанды деп. Келеді енді міне көзі көріп, Көмілмей сай-салада жатқан өлік. Беттерін кейбірінің жасырганмен, Алады бәрін жинап қалай теріп?! Жылжиды ескі сүрлеу жолға түсіп, Топшылап барар жерін оймен пішіп. Жан-жағы қүлазыған меңіреу дүние, Тек қана қарқылдайды қүзғын үшып. Жүтаған ақсүйек боп малдан жаман, Әр жерде сасып, шіріп жатқан адам. Кейбірі жан шықпаған шала жансар, Қулайды алға үмтылып басса қадам. Байгүсқа өзінде жоқ не береді? Таянды демесін деп "елемеді". Көзіне шүңірейген көзі түсіп, Жолаушы жаны шошып жөнеледі. Теңселді кетердей боп аттан ауып, Мең-зең боп басы айналып ауық-ауық. Болар ма бүл қырғыннан - деп ойлады-Шығатын амал қылып жолын тауып". Аяндап біраз жүріп қырдан асты. Кеудені шерлендіріп қайғы басты. Үстінен бір топ жанның шыга келіп, Сескеніп түстерінен жаман састы. Барады бәрі мүны көзімен жеп. Бүйырып: "жыддамырақ аттан түсм- деп, Мойынын жан-жаңгына бүрғызбайды, Үстаған екі-үшеу шаужайдан кеп. Қүтылу киын болды аман-есен, Бермейді сөзге парық қалай десең. Бәрінің кеудесіне үялаган Жалғыз ой: "Аударып ап атты жесем". Аягын түрган аттың байлап жатыр, Пышақтарын қылшылдатып қайрап жатыр. "Өзін де тіл алмаса жыга сал" - деп Қарт адам бүйрық беріп сайрап жатыр. Болама ерегісіп көптен күшті, Жыгылып атпен бірге қоса түсті. "Қүдайым бізге нәсіп берді гой" - деп Адамға толып кетті аттың үсті. Айрылды қуанғаннан бәрі де естен, Мәз болып ат етіне бөліп жескен. Тыңдатып ақсақал шал бүйрық берді, "Қалганын қақтаңдар - деп - пісірместен. Жігіттің өзіне үлес бер - деп айтты, Бүйырган сен де ырзықты көр - деп айтты Шырағым, жон сүрасып отырайық Қасыма таяуырақ кел" - деп айтты. Отырды шал алдында жөнін айтып, "Бетім - деп - келе жатқан елге қайтып. Калада жүруші едім оқу окып, Алмақ боп білімді бір зорайтып. Ақыры келіп жетті суық хабар, Еститін оқиға ма адам нанар? Ел қалмай быт-шыт болып босып қеткен Бір үзім жерлерді іздеп нан табылар. Бар еді әке-шешем, жалғыз інім, Келемін не болды деп көрген күнің? Мінген ат астымдағы мынау болды Жетуге үйімді іздеп артқан сенім". Айтқан соң әңгімесін бастан аяқ, Мүсіркеп жас жігітті барады аяп. "Жетерсің өліп қалмай аман болса, Деді - шал - келіп қапсың елге таяп". Сүйгені еске түсіп еліндегі, Арманы - аман көру көңліндегі. "Қанша жыл оқысаң да күтемін" - деп, Жас төгіп айтқан серті тегін бе еді? III. Қарияның хиқаясы Ей, балам, жақын болдың алыс емес, Танытты екеумізді қүрған кеңес. Немере шешең менің қарындасым, Қу аштық не істетіп, не жегізбес. Біздерге ашыққалы көп күн болды, Келеміз көтере алмай үзақ жолды. Бүл жерге коз қарайып әзер жеттік, Жаяулап артқа тастап талай жонды. Адам ек елу шақты елден шыққан, Сүм ажал соның көбін бүктеп жыққан. Қалдық біз ақырында он бес адам, Ешкім жоқ жәрдем берігі, сырыңды ұққан. Асан ғоіі, жиян жан-ау, сенің атың, Жететін аулымызға жазған хатың. Айтайын бұл нәубетті тусіндіріп, Сумдардың елге істеген қиянатын. Кең қолтық ел едік қой далбаңдаган, Мал бағып сары далада сайрандаған. Етін жеп, сусын қылып сүтін ішіп, Қиындық болар-ау деп ойланбаған. Мал болды - байлығымыз, барымыз да, Мақтаныш, уят, намыс, арымыз да. Анаңдай емшек беріп асыраса, Біз қалай теңгермейміз жанымызға. Типыл ғып жинап алды соның бәрін, Бермесең ат ойнатып, тогіп зәрін. "Халықта аша түяқ қалмасын" - деп Көрсетіп, қамшы уйіріп, буйрықтарын. Орнатты ел ішінде ақыр заман, Не болар дүниеде мүнан жаман?! Ертеңгі қырылғанға қарамайды, Бас алып, шаш ал десе өңшең надан. "Бүл бүйрық орталықтан келген - дейді -Қол қойып Голощекин берген" - дейді. Алдына мал тускенге масаттанып, Ырғалып белсенділер көлбеңдейді. Қорқытып қолдан бәрін тартып алды, Еңіреп шал, кемпір мен бала қалды. Баға алмай бабын тауып жиған малды, (Хайдаға асыра алмай қырып салды. Өмірдің сәні қашып, құты кетті, Қырылар адамның да жуты жетті. Халықты қасқыр тиген қойдайқылып, Бір талшық нәр таптырмай тентіретті. Келеміз жерлерді іздеп егін еккен, Орнығып бір орында қоныс тепкен. Ел бар деп ашықпаған тамағы мол, Хабарды медеу қылып бізғе жеткен. Барғанмен олар бізге не береді? Демеймін енді халық кенеледі. Көп үйден түяқ қалмай кетті қүрып, Жоқ орын қайдан келіп теңеледі? Шал жылап қан аралас жасын төкті, "Құдайым беріп түр - деп - мүндай кепті. Күші бар өлмей тірі қалғандары, Аңдай боп өрттен қашқан елден кетті". Кетерде дорбасының түбін қарап, Қолына бірнеше қүрт алды санап. Қалғанын бөліп беріп қош айтысты, Деді де: "Әрі сусын, әрі тамақ”. Әдет қой бөлісетін соңғы дәмін, Ортаға салатүғын қолда барын. Қазақтың дархандығын сақтап қалған, Сүм аштық кетірсе де соның сәнін. IV. Жетім қалған жас бала Жылжыды елге қарай жаяу қалып, Шал берген бар үлесті қолына алып. Акседеу, қалың боздың арасынан Қүлағы бір дыбысты қалды шалып. "Бүл не?м деп елегізіп тыңдап түрдьқ Дыбысқа талмаураған қүлақ түрді. Біле алмай адам ба әлде аң екенін, Аяғын аңдып басып, таяп жүрді. Қалың шоп басын қырқып мал шалмаған, Тірі жан аяқ басып таптамаған. Пысқырып жайылатын жылқы бар ма, Қой бар ма қаптай өріп пырылдаған? Қүрыған мал да, жан да типыл болып, Тойып жүр өлексеге қүзғын қонып. Сары дала сұрқы қашып жүдеп кеткен, Қалғандай өмір өшіп, бәрі солып. Сескеніп әлденеден Асан түрды. Жалтақтап жан-жағына мойын бүрды. Аңдыған бүғып жатып аштар ма әлде Жасырған қүлық қылып ішкі сырды. Кешегі тартып алып, атын жеген, Оқиға не ойлатпас козі көрген. Қалжырап коз қарайып бара жатса, Тартынар аш адамдар енді неден? Бір нәрсе дәл алдынан қыбыр етті, Қүлаққа талмаусырап дыбыс жетті. Көргенде бір караны кимыддаған Денесі сескенгеннен дір-дір етті. О, сүмдык! бір жас бала емшек емген, Шешесін аймалайды аштан өлген. Емшекті сорады да ыңырсиды, Кезеріп еріндері - қатты шөлден. Ойы жоқ "шешем менің өлді" - деген, Анасын өліп жаткан пана көрген. "Қүлыным әйтеуір сен тірі қал" - деп Секілді сәбиіне еміренген. Кенеттен адам даусын ести салып, Тығылды анасына қүшақтай барып. Қарлығып көп жылаумен даусы шықпай, Дыбысы естіледі зорға талып. Шамасы жас баланың жастан асқан. Қара шаш күлағы мен көзін басқан. Қимылы, қозғалысы баяулаған, Қалжырап, әлі кетіп ішер астан. Шешесі күн көзінде жатыр ашық, Бүлінген, иістеніп дене сасып. Сәбиі тірі анадай аймалайды, Жау көріп бөтен жанды, түра қашып. Баланы жылап жатқан қолына алды. Аузына сусын қүйып, тамақ салды. Басылды оксігі де, кемсеңі де Біле алмай не қыларын ойға қалды. Жапанда жалғыз тастап кете ала ма? Арқалап ел-жүртына жете ала ма? Әлі де елсіз, сусыз талай жер бар, Бәрінен баса көктеп өте ала ма? Қарады балаға бір, далаға бір, Етеді корықкандай дене дір-дір. Үлкенді, кішіні де жутып жатыр, Ішінен - деп ойлады - аштық құргыр". Елімнің ел болуы екі талай, Жан сақтап, есін жиар енді қалай? Білетін барлық істі улы Сталин, Қалайша отыр екен хабар алмай? Бойына сіңіп қалған бала жастан, Данышпан көсем көріп елден асқан. Өзіне бәрі солай көрінеді, Ол білсе қырылмастай халық аштан. Білмейді мұны істеткен өзі екенін, Сенімді Голощекин көзі екенін. Айтқаны ел қорғаны, данышпан деп, Әсіре құр мадақтау сөз екенін. V Көл жағасындағы жансыздар Қыбырлап жылжи берді елге беттеп, Арманы - жылдамырақ үйге жетпек. Өзі де, жас бала да қаталаған, Жанын жеп, тоқтамастан келеді өктеп. Алдынан жаркыраган айдын көлді, Қыратқа шыга келе көзі көрді. Жеткізбес таяу жер де шаршағанда, Сүртеді дамыл-дамыл аққан терді. Белгісі шөлдеуінің сусын сурап, Мазалап ыңырсиды бала жылап. Шалысып аяқтары әлсізденіп, Жүре алмай бір-екі рет қалды қүлап. Көлге де жан үшырып таяп қалды, Баланы жылай берген қолына алды. Жиекте сүлап жатқан екі-үш адам, Бүларды ең алдымен көзі шалды. Ойлады үшеуінде өлген ғой деп, Қалжырап кол жағалап келген ғой деп. Ілініп сүм ажалдың тырнағына, Бәрі де жан тәсілім қылған ғой деп. Өзін де, баланы да сусындатты, Жан шіркін аз да болса сая тапты. Таңдайы жібігенге сорлы бала, Сорғандай емшек сүтін тиыш жатты. Байқастап өліктерге таяу келді, Екеуі ерлі-зайып көзі корді. Бой жеткен ортасында бір қыз жатыр, Сол ғана сәл ыңырсып дыбыс берді. Жүгірді ыдыс алып көлге қарай, Бір жәрдем көрсетем - деп - бүған қалай?" Аузына сусын қүйып, су бүркіді, Өмірін қорғамақ боп екі талай. Сәлден соң бас котеріп, көзін аштты, Көрді де жат адамды жаман састы. Біле алмай кім екенін бөтен жанның, ¥ялып әлсіз қолмен бетін басты. Қуанды қызды көріп тамақ жеген, "Қа.іды-ау - деп - о.іе жаздап бу да неген”. Ойлайды қыз да ішінен: "мынау кім? - деп Бір туған агасындай өбектеген". Әлденіп алган кезде есін жиып, Көз сүзіп жан-жагына салды қиық. Көргенде ата-анасын өліп жатқан, Тоқтатып ала алмады жасын тиып. Босады бар денесі өксіп жылап, Әл кетіп талықсыды жасын бүлап. Өкініп өлмей тірі қалганына, Зарлады бір қүдайдан ажал сүрап: "Соңғы дәм қолдарыңнан алдым неге!? Мен қүрғыр ауызыма салдым неге!? Қосылып өздеріңмен бірге өлмей, Қарайып арттарында қалдым неге!? Әлпештеп мәпелеген қайран анам, Зар енреп, қайғы жүтып қалды балаң. Жан болып жетілер ме жетімегің? Айрылған екеуіңнен қүнім қаран. Қүдайым маған бейнет бермесін деп, Дүниеде қайғы-қасырет көрмесін деп, Аузыңнан аз дәміңді жырып беріп Бір мені тілепсіңдер өлмесін деп. Енді мен қалай жүріп, қайда барам? Пананы өздеріңдей қайдан табам!? Ендігі тірлігімнің сәні бар ма? Қалжырап мен отырмын қалмай шарам. Бар еді бірге туған жалгыз апам, Оны іздеп гарып басым қайдан табам? Білмеймін өлі екенін, тірі екенін Келер ме сені іздеуге менің шамам?" Күнрентті мүнын айтып қүба белді. Тебірентті толқындатып айдын көлді. Сымпылдап үйрек үшып, қаз қанқылдап, Сылдырап көкше қүрақ жауап берді. Жайылып жерге түсіп қара шашы, Қиылып мүңға батып қара қасы, Арыған ақша бетін жуып кетті, Төгілген екі көзден қанды жасы. Кім қалды Сарыарқада жыламаган, Қайгырып көздің жасын бүламаган? Топалаң тиген қойдай ел жусауда Бір адам емдеу жолын таба алмаган. VI Иесіз үйлер Келеді қыз артында ілбіп басып, Қалжырап белес-белес қырдан асып. Шалысып екі аяғы теңселеді, Барар жер алдарында өлі қашық. Дем алып дүркін-дүркін жылжи берді. Бейнетін жас баланың Асан көрді. Тігілген өзен судың жағасында, Қаз қатар киіз үйге таяп келді. Маңында малда, адам да көрінбейді, Ит үріп, абалап кеп жүгірмейді. Тым-тырс қүлаққа ұрған танадай боп, Тірі жан дыбыс берген білінбейді. "Кім бар?" деп ортадағы үйге кірді, Бір жауап болама деп қүлақ түрді. Үй іші қүрған кілем, жиған төсек, Дүние жайнап-ақ түр неше түрлі. Бір үйдің бар ма екен деп адамдары, Жағалап іздесе де таба алмады, Кіргенде есік ашып бесінші үйге Көз салып жан-жагына аялдады. Түрса да қүты қашып, кетіп сыны, Секілді бәрі таныс, көзге жылы. Баса ламай буындарын тітіреді, Көрдім деп есіне алып қайдан мүны. Қаііырып жабық түрған есікті ашты, Көргенде үйдің ішін түрі қашты. "Япырай өз үйім бе?" деген ой кеп, Төріне дір-дір етіп кадам басты. Жатқандай төсегінде бір-екі адам, Өлі ме, тірі ме екен не кылган жан? Көрпені жамылулы көтере алмай, Қалып түр есі кетіп, болып аң-таң. Еңкейіп, батылданып таяп барды. Көрпені бетін ашып, тартып қалды. Таныды өліп жатқан ата-анасын, Қасына қүлап түсіп, есін танды. Білмейді көп жатты ма, аз жатты ма? Күн шыгып, жаңадан кеп тан атты ма? Басында Шолпан қыз бен жас бала отыр, Зар жылап екі байғүс оятты ма? Әпсетте бас көтеріп, есін жиды. Көтеріп әр бір затты, карады үйді. Ойланып әлде неге түра қалып, Көзіне үялаған жасын тыйды. Ширығып, жігерленіп жиып күшін, Ақтарып тағы шықты үйдің ішін. Інісі ешбір жерде көрінбейді Азаппен жетіп еді-ау бүлар үшін. Байқады екеуі де таяуда өлген, Тәндері сасып, шіріп бүлінбеген. "Қайда екен жалғыз інім - деп ойлады -Бір бенде табылар ма оны көрген?" Далаға атып шықты сабыр қылмай, Байыздап бір орында қарап түрмай. Ілезде барлық үйді қарап шықты, Жылаған қыз, балаға мойын бүріиай. Шеткі үйде түсі суық екеу отыр, Козінен шүңірейген адам шошыр. Қарайды сығырайып қол қалқалап, Секілді көріиейтіндей көзі соқыр. Білдірді інісінін тірі екенін, Әзірше өлмегеннін бірі екенін, Жүргенін корген екен өзен жақта, Білмейді қалай. қайтып күнелткенін. Бір жерде өлді ғой деп қылды қауіп, Сүрінді басы айналып ауық-ауық. Қалжырап су шетінде отыр екен, Ауылдан жырақ жерден алды тауып. Жас жігіт он жетіге биыл келген, Асанның бар туысы соңына ерген. Екі-үш жыл қашық жерде оқуда боп, Туысын әзер тауып, жаңа көрген. Жазда да үйге қайтып келе алмайтын, Жер алыс, мезгілінде жете алмайтын. Ел-жүртын, оскен жерін сагынса да, Жайраңдап жарқын келіп коре алмайтын. Қалада қалар болса кайтпай елге, Достары алып кетер таяу жерге. Қосылып сауық күрып жүрер еді, Қүс атып, балық аулап өзен, көлде. Көргенде достарының бау-бақшасын, Қүмартып көзі тоймай кызығатын. "Орыстар еңбек сүйгіш халық-ау - деп -Білетін мезгілін де тынығатын. Қазак та кәсіп бар ма малдан баска, Мал ғана - киер киім, ішер ас та. Жүт болып, ак сүйек боп қырылғанда, Кедей боп шыға келер қара қасқа. Болса егер біздерде де еккен егін, Молшылық болар еді бәрі тегін. Астығы орнын басып толтырмай ма Білдірмей жоқшылықты, малдың кемін". Осылай жүруші еді Асан ойлап, Бәрін де елге келіп жолға коймак. Бүғінде күйреп жатқан халқы мынау, Сүм тағдыр аямастан бәрін жоймақ. Отырды інісін кеп құшақтап сүйіп, Дем алып өксігі мен жасын тыйып. Көңліне күш беретін демеу болып. Басылды жеңілденіп іште күйік. Жер екен осы қоныс соңгы қонган. Қаптаған белсендіге ауыл толған. Малға да, адамға да қамшы үйіріп, Алыпты соңғы малын тартып қолдан. Сорлы жүрт жаяу қалған қайда бармақ!? Малы жоқ ішер асты қайдан алмақ!? Кетіпті үй-күйлерін тегіс тастап, Әйтеуір қалмақ болып жанын қармап. Кете алмай ауру-сырқау, кәрі қалған, Тағдырды көрейік деп қүдай салған. Көбісі айдалада көзін жүмған, Жете алмай ешбір жерге ойына алған. Екеуі күн кешкіре келе жатты, Бет алып тігулі үйлер ауыл жақты, Шалынды ащы дауыс қүлағына, Естіліп таянғанда тіпті қатты. Жүгірді Асан үшып жан аямай. "Дауыс - деп - ыңғайсыздау мынау қалай?" Талықсып қыздың даусы тағы шықты, Біреулер буындырып жатқан жандай. Айғайлап кіріп келді "Мынау не?" - деп, Жас лақтай бауыздаған баланы кеп. Қыздың да қол аяғын буып қойған, Оған да таяныпты пышағын кезеп. Әуелі Асан сасып тұрып қалды. Істерлік айла-тәсіл курып қалды. Бойына күш-қуатын жиып алып, Екеуін қозғалдырмай урып қалды. Қыбырлап орынынан түра алмады, Көз салып мойындарын бүра алмады. Адамда ісі қара күш қалама, Қарсылық біреуі де қыла алмады. "Масқара адамды енді адам жеген, Мүндайды қай қазақтың көзі көрген!? Қорғаштап бірін-бірі сақтаушы еді Қауіпті елең қылмай басқа тонген. Аштық-ай, адамды енді аң қылдың ба!? Көрсетіп масқараны бір тындың ба? Жүрдай қып ар-намыстан отырмысың, Жусатып қоя салмай қүр қырдың да. Ен жайлап мекендейтін жерім қайда? Қаз, үйрек, аққу қонган көлім қайда? Адыра қалғаның ба ақырында Иесіз қайран мекен қалып жайга. Қолынан аш-арықтың не келеді? Еш адам ел екен деп елемеді. Тып-типыл түқым болмай жусан қалса, Халық боп енді қалай теңеледі!? Бір жола бүл өмірден көшкені ме!? Із-түз жоқ орны қалмай өшкені ме!? Қайда жүр ел бастаған көсемдерім Бір жәрдем беру жолын шешпеді ме?" Деп ойлап, басы айналып кұлап түсті, Адамда дерт бола ма ойдан күшті!? Күйдіріп, алаулатып түла бойын, Бір жалын шарпып жатыр өртеп ішті. VII. Қайғылы кездесу Бозарып жер дүниенің өңі қашқан, Шөпті де, өлікті де қырау басқан. Суық күн түла бойды бүрістіріп, Адамға жау боп тиді жүрген аштан. Аштықты ойлатпаудың бір амалы, Лаулатып күші жетсе от жағады. Қайнатып таба алғаны қара көже, Отырып алқа-қотан жылынады. Алғаны зорға жинап мысық қүйрық, Қүдайым аш адамға қылган бүйрық. Қатықсыз көжесінің түзы да жоқ, Барады ішкен сайын тіл үйіріп. Аударып қоныстарын туған елден, Жері осы арман қылып іздеп келген. Әйтеуір жан шығармай әл болсын деп, Қарамық, бидай, тары - бәрін терген. Мәз болып қуанада таба алганы, Қалжырап жүдей түсер қүр қалғаны. "Жүдырық жығылғанға" деғендейін Көбісі жүрек жалғар нәр таппады. Жылынып, аз болса да қорек алып, Отырды бір топ адам қаужаңдасып. Келгенін үстеріне білмей қалды Асанды сәлем берген амандасып. Бәрі де мүлгіп, қалгып отырган жан, Діңкелеп, әлі қүрып қалжыраған. Арыган ақша беті, өңі солып, Бойжеткен көзін тікті болып аң-таң. "Япырау мынау келген Асан ба?" - деп, Барады шүңірейген көзімен жеп. Орнынан екі үмтылып түра алмады, Аңықтап көрейін деп таянып кеп. Көзіне жыласа да жас келмеді, Өткен күн сағым болып елестеді. Күйдіріп, іші-баурын жалындатып, Тек қана түла бойын дерт кернеді. Еске алды кезеңдерін бірге жүрген, Қызықты думандатып бірге корген. "Бал жүтқан тіл үшімен қайран күндер Дарига-ай - деп ойлады - кетті-ау мүлдем". Ғашыгын Асан коріп танымай түр, Кім жүдеп, кімдер бүгін арымай түр!? Аруда өң сакталып, түр қалама!? Нәр татып, ішер асқа жарымай түр. Ағасы амандасты мүны танып, Хал-жайын сүрап алды әбден анық. Жылады кемсеңдеп кеп сырын айтып, "Жүрміз - деп - болар-болмас зорға шалып. Тамақтан өткенінің бәрін жедік, Ішінде адал, арам бар демедік. Қаужайтын енді бүгін тышқан бар ма!? Бір тойган қүніміз жоқ масақ теріп. Қалжырап анау жатқан қарындасым, Көтеріп ала алмайды жерден басын. Қиналам көз алдымда сөнгеніне, Шара жоқ қолдан келер, не қыласың!? Аштық, дерт бойга сіңген қатар келіп, Меңдетіп, түралатып алды жеңіп. Денеге қуат берер тамақ бар ма!? Барады әлі кетіп, күнде семіп". Осылай мүңын айтып жауап қатты. Бүл сөзді қарындасы тыңдап жатты. Орнынан бас көтеріп түра алмауы Қиналтып, дерттендіріп жанға батты. Ойланып ауыр күйін қатты налып, Кенеттен көзін жүмып кетті талып. Агасы басын сүйеп пәйек болып, Отырды жасын төгіп алдына алып. Қасына Асан келді зорга танып, "Япырай Гүлжан ба - деп - мынау анық? Қалжырап, қу сүйек боп өңі қашып, Аруақтай адам шошыр кеткен арып". ”Қош бол - деп - ыңырсыды - агатайым, Қылмаңыз өлсемдагы мені уайым. Айрылып бар туыстан жүрдай болып Барасыз жалғыз қалып, не қылайын!? Асан-ау, сен де, қош бол не айтайын, Мінеки, көріп түрсың менің жайым. Мақшарда қосылуга нәсіп болсын Пана боп, аман сақтап бір құдайым". Деді де иек қагып, көзін жұмды. Жым-жырт боп дыбыс шықпай бәрі тынды. Бүгінде дауыс қойып кім жылайды!? Бетіне жасын тогіп қарап түрды. Сүйгені серт байласып, көңіл қосып, Қанша жыл оқыса да мүны тосып, Қанбақтай жел айдаган ерік болмай Жері осы зорга жетіп, келген босып. Орнаган қалын елге қара түнек, Тоқтамай қоюланып барады үдеп. Асанга қатты тиген соққы болып, Жонелді зорга жылжып, жаны жүдеп. VIII. Боранды далада Ақ боран тынбай согып гуілдеген. Бір қара көзге түсіп ілінбеген. Соққан жел ішін тартып ышқынады, Жүрегін жолаушының тілгілеген, Мәз болып қуанады қан жүтқанга. Өлікті қар астына коп тыққанга. Қүртса да талай жанды тояр емес, Қатал жау мейірленіп жөн үққан ба!? Қаз-қатар жол бойында жатқан өлік, Келеді үш жолаушы бәрін көріп. Тепкілеп аягымен қалың қарды, Кетеді әлі келсе Асан көміп. Жүргізбей оппы қарлар жолды басып, Суық жел бет қаратпай ызгар шашып, Жеткендей титыгына жаяулардың, Ұйтқиды қараттырмай көзін ашып. Асанның бір қараны көзі шалды. "Бүда бір бейшара-ау" - деп ойлап қалды Таянып неде болса бармақ болып, Бойына күш-қуатын жиып алды. "Көтерем әлі кеткен жаяу шығар, Жүрісі қалжау жанның баяу шыгар. Жақындап бағанадан бір келмейді. Жығылып қүлауға да таяу шығар". Деп ойлап жақындады қарайғанға, Қозғалып үқсамайды тірі жанға. Әйелдің кеуде жағы көрінеді, Шаншылып белуардан батқан қарға. Көрінді қыр мүрыны, қара қасы, Жайылып желпілдеген үзын шашы. Секілді желге қарсы қарап түрған, Жалаңаш орамалсыз қара басы. О, сүмдық қарақшы ғып қадап қойған Біреу ғой мазақ қылып қарны тойған. Жасырмай қар болса да бетін жауып, Жүрдай боп адамдықтың бәрін жойған. Кей сүмдар өлікті де қылған мазақ, Аздай-ақ тірлігінде көрген азап. Соншама қорлайтындай жазығы не? Дүниеде болады екен нелер ғажап. Токтаусыз қарды қуып жел үр.іеі ен, Қалың қар аяқ шалып жол бермеген. Қайгылы қар күннің куасындай, Қара шаш қара тудай желбіреген. Адамның жібергендей жанын үрып, Назарын жолаушының алды бүрып. Қасына үшеуі де таянып кеп, Сілейіп естері ауып, қалды түрып. Адамды шаншып қойған айқын көріп, Таныды қыз апасын қалган оліп. Өзінен түр пішіні аумай-ақ түр, Бітер ме екеуіне бірдей көрік!? Анадан бірге туган егіз жандай, Асан түр қайран қалып қағын таңдай. Қарайды кезек-кезек салыстыра, Ұқсастық таңгажайып біткен кандаіі! Тулады туысқандық жүрек күшті, Жандырып, алаулатып күйдірді ішті. Еңіреп естен танып апатайлап Қүшақтап "қарақшыны" қүлап түсті. IX Түйнекті түйіндер Денеге қайғы да, өтті суық та өтті. Үшеуін аштық жеңіп тым жүдетті. Әйтеуір айдалада үсіп қалмай, Армандап көптен күткен жерге жетті. Асанды алып үрды ауру меңдеп. Қарайтын адам бар ма бағып, емдеп? Сыркаты күн-күн сайын салмактанып, Жигызбай есі-түсын кетті дендеп. Шақырып екі жасты қасына алды, Мүңлы оймен тесіле кеп көзін салды. Жөтелі түншықтырып сөйлей алмай, Қысылып біразырақ түрып қалды: "Дүниеден өттім жылап, қайғы тартып, Күйдіріп түла бойды алды шарпып. Қырылып туган елің қүрып жатса, Нендей дерт болар дейсің мүннан артық!? Бере алмай жәрдем қылып қолдың үшін, Жүргенің қорлық екен жетпей күшің. Қалайын екеуіңе сырымды айтып, Азгана сая тапсын күйген ішім. Ел едік еркін өсіп аңқылдаған, Сайрандап сары даланы сампылдаган. Келсе де қанша қонақ малын сойып, Жиналып дастарханы тартылмаган. Еншіміз еш уақытта белінбеген, Бар дәмін күліп-ойнап бөліп жеген. Ашык кол, ақ пейілді кайран халкым, Жатырсың жапа шегіп не мінезден!? Қарсы алып, қүшақ жайып келген жанды, Алдына әкеп қойған қолда барды. Дос көрген алысты да,жақынды да, Қонақжай сорлы басы қайда қалды!? Сенделіп, есеңгіреп күні қаран, Қоштасты бүл өмірмен талай адам. Ел болып есін жиар күн туар ма? Мазам жоқ осыны ойлап коңлім алаң. Бұрынғы "Ақтабаннан" мынау жаман, Бүгінде есебі жоқ қырылган жан. Күйзелсе онда жаудың жеткен жері, Бүл күнде жер болмай түр қалган аман. Айтуға бүл сүмдықты тіл жетпейді, Тек қана уландырып жанды жейді. Халықты үн шыгартпай типыл қылған, Еш апат бүл апатқа тең келмейді. Мен озім олгеніме өкінбеймін, Қалсын деп қара басым қам жемеймін. Жойылып бір жолата қүрып кетпей, Ел-жүрттан өсер үрпақ қалса деймін". Деді де талмаусырап көзін жүмды, Айта алмай жалгастырып басқа сырды. Болмайтын ешбір үмыт көргендері, Елестеп көз алдына келіп түрды. Желпілдеп "Қарақшының" қара шашы, Көрінді туған айдай қара қасы. "Ағатай, қүтқаршы - деп - мынау өрттен" Төгілді бүлақтай боп көзден жасы. Қара шаш түтін болып лап-лап етті, От болып күйдіреді екі бетті. Алаулап мал да, адам да жанып жатыр, Кермеген Асан бүрын мүндай кепті. Әлемді бір қалың өрт қаптап кетті, Жандырып бар денесін шарпып өтті. Байғұсты жанып тұрған кұткарам деп, Жанына жанын қинап әзер жетті. Құлады әлі кетіп, шаршап талып, Шырылдап әйел байғұс жатыр жанып. Өзі де бірге күйіп кете барды, Шығам деп жәрдем кылып өрттен алып. Бір кезде шүңірейіп екі көзі, Адамды шошындырып айткан сөзі, Жетектеп Гүлжан артка сүйретеді. Күш бермей еш адамға жалғыз өзі. Саудырап, ку сүйек боп калған қаңқа, Жүлкиды үңірейген көрге тарта. Ұстаған колдарынан от шығады, Сүйекті сындырғандай сыркырата. Қысылып шошынғаннан козін ашты. Денесі кызып-жанып жанталасты. "Аман боп енді осылар калса екен" - деп Ішінен тілеп жатты екі жасты. Бекер ме бүкіл елді өрт шалғаны? Шарпылмай, жан, тән күймей кім калмады!? Қайғырып дүниеден Асан өтті Ел болып көкейінде бар арманы. Осылай көзін жүмды талай боздак, Тек кана мүңын шағып, зарын козғап. Айрылған енесінен ботадай боп. Қан жүтып, жасын төгіп өтті боздап. Акша бет уылжыған ару да өлді. Мейрімді аналарға кайғы төнді. Бұктырған қоргалатып қояндай қып, Амалсыз ажалға да халық көнді. Жоқ шығар мұндай сұмдық халық көрген, Үркердей адам қалды қалың елден. Бірі де "Елім-ай" деп қоштаса алмай Булығып соның бәрі үнсіз өлген. Кеткен ел өз жүртына қайтып қонбас. Үрпақсыз өшкендердін орны толмас. Қалмаған жүртта жүрнақ, артта түяқ, Күйзелген көптің күйін айтып болмас. Қырылып қалмағанда сонша күйреп, Кетпес ек кең далада мүнша сиреп. Туысқа жат жерлерге ауып кеткен, Түрады жаның ашып, бүрып бүйрек. Мешін жыл титықтатып түпке жетті, Қазақтың сонан бастап сәні кетті. Айрылып тілден, діннен, жақсы әдеттен, Қүрдымға түбі терең бүрды бетгі. Бүл күнде дүниеге түрсам қарап, Мүңлы ойға батып кетем нелер ғажап. Күйігі босқындардың бойды алдырар Әлемге тарыдай боп кеткен тарап. Коп адам амалсыздан шетке кеткен, Монғол, Қытай, Түркия - бәріне откен. Тағдырға налимында күңренемін, Халықты қырып, жойып тентіреткен. Естісем тітірентіп түла бойды, Зарлы әуен қүлағымнан кетпей қойды. Жырладым аруактармен бірге жылап, Ұйкысыз түн өткізіп, бөдіп ойды. Талайдың орны қүрып, оттары өшкен, Қайгының ең ауыры бастан кешкен. Өтсе де жылдар зулап, ғасыр толып, Шығар ма үмыт болып өмірі естен. Қазақты түралатып қүртып кеткен, Емі жоқ дерт болды ғой түппе жеткен. Сампылдап туған жерде самсап жүрсек, Үніміз шықпас па еді біздің де өктем. Уызбай - Бикеш (Дастан) Жерлердің әсем сұлу Арқадағы, Атақты соның бірі - Қарқаралы. Арудың сүтін емген жас балғындай, Сол таудан кербез Нүра басталады. Басына тал, қүрақтан үкі тағып, Естілер күміс суы сылдыр қағып. Тойдырып мал мен жанды сусындатып Жылжиды кең даламен жай гана ағып. Өзеннің ағып жатқан үзақ жолы, Әңгіме, Хиса, дастан, жырға толы. Мал баққан жылқышы да, қойшылар да, Отырар жырғып айтып бәрі соны. Қазақтың олең, жырға жаны қүмар, Түбінен жүрегінің қайнап шыгар. Ойларсың тау, тасы да өлең бе деп, Бойынан бүлақ болып ағып түрар. Ақын да, батырлар да шыққан көптен, Сөз тастап үлағатты бәрі де өткен. Істері кейінгіні сүйсіндіріп, Әңгіме, аңыз болып бізғе жеткен. Жерлер бар Ботақара, Шешенқара, Шертерлік тамаша сыр жеке дара. Кертінді, Қолаң жайын тыңдасаңыз, Жүрекке шымырлатып түсер жара. Жерді құртып қазақша аталатын, Қойғызган Советтердің сүйген атын. Кер заман қырсық болып басқа түскен, Өшірген ердің жерге махаббатын. Түратын жанын қиып ел дегенде, Елі өскен атамекен жер дегенде. Шығатын қаны қайнап, намыс қысып Жауына сүйемдей жер бермегенде. Аталған түрлі-түрлі жердің аты Тарих қып өткен күннің жазган хаты ¥мытпай естерінде сақтасын деп Тапсырған кейінгіге аманаты. Жерлер бар Уызбай мен Бикеш деген, Нүрага қүйылатын шағын өзен. Ел жайлап көшіп, қонып жүреді екен. Байы кім? Кедейі кім? - білінбеген. Ежелден қоныс болған қүтты мекен, Жастары асыр салып жүреді екен. Жас қүлын аз уақытта - ақ тайдай болып, Егіздеп қойлары өсіп өреді екен. Қүлпырып жердің беті гүл жайнаған Өзен-көл лықа толып, қүс сайраган Жайлауга асыға кеп, үйін тігіп Қүлын байлап, қаз-қатар желі тартқан. Бәрі де мәз-мейрам боп, ойнап күліп Сүрасып жағдайларын жатыр біліп, Қыс бойы көріспеген тамыр-таныс Қуанып сыр айтысар бірге жүріп. Кейбірі ауылдары болып шалғай, Сагынган бірін-бірі хабар алмай. Адасқан үйірінен құлын тайдай Шүрқырап мәз болады жаны қалмай. Жайлауға келіп қону бір үлкен той, Шаттанар бәрі мәз боп, котеріп бой. Қүрметтеп бірін-бірі шақырады Арналып ерулікке сойылган қой. Бәрінен бүрынырақ келсе көшіп, Қарсы алар кейінгіні кезектесіп Әңгіме-дүкен қүру бір ғанибет Сусындап қымыз ішіп, етті жесіп Жиылып жастар келіп кешке таман, Ойнайды қүрып алып алтыбақан. Ән салып кезек-кезек тербеледі Шатты әуен түнді түріп соргалаған. Қосылар жақсы әуенді бәрі қолдап, Мүндайда өнері асқан жүйрік озбақ. Бәсеке бәрін бірдей желіктіріп, Жіберді әншілерді тегіс қозғап. Айтысты бәрі де үйып қалды тыңдап Сүйсініп кім жақсы айтса түр мақүлдап Сүйкімді сөз де, ән де болса бірдей Сол гана мақтау алып, озып шықтық. Ән шалқып тамылжыды, соргалады, Балқытын билеп алды ой-сананы, Ұйытып, шымырлатып түла бойды Тыңдаған жай табады адам жаны. Төбеден күлім қағып Ай қараган Сән беріп төңірекке, нүр тараған Үн інен әуп ілдекті ң жал ы ққа ндай Әсем әнді көлдегі қүс тындаған. Күлдіріп әзіл айтып, даусын безеп. Ән салды тербетіліп кезек-кезек, Көркем қыз, сүлу жігіт көзді тартып, Барады кызықтырып, өртеп өзек. Бикеш пен Уызбайға кезек келіп, Жөнелді баппен жылжып тербетіліп. Айдынның қос аққуы секілденді Маңайын сәндендіріп, көрік беріп. Бикеш қыз еркелікпен еркін өскен, Жігіт боп киінетін іркілместен Қыз бола қалыпты - деп мынау бүгін Өз ара кейбіруелер күңкілдескен. Ешкімге әл бермейтін алысқанда, Кокпар мен тақым тартып жарысқанда, Иіліп жігіттерге қарамайтын Бәрі тан Уызбаймен табысканда. Мактау ап қыз жағынан Бикеш шықты, Өнерлі қыздың терең сырын үкты, Жігіттен Уызбайға тең табылмай Өңге де, өлеңге де болды мықты. Көрініп қараңғыда жаққан шамдай, Қарайды екеуіне қағып тандай. Қосылса күдай қосқан жүп болар деп Ойлайды жарасымды әсем қандай. Жиналса түнде қүрып алтыбақан, Жарасып күндіз бәрі атқа шапқан. Көкпары, қыз қуысу, такым тартыс Қызықты ойындар бұл көпке жаққан. Қыздар көп ойнар аттың қүлағында Ондайлар жігіт көңілін бүрады да Бүгінгі жастар ойны қыз қуысу Бәрін де қызықтырып үнады да - Қыздардан атқа шабар кім бар десіп Жігіттер алабүртты гуілдесіп, Бнкеш қыз ат ойнатып шыққан кезде Көңілі көп адамның қалды өсіп. Түрғанда ду-ду етіп жүрт жиылып, Ойнатып тор бестісін қамшы үйіріп, Есет те екпіндетіп шыға келді - Көрем - деп - осы қызды - түр шүйіліп. Бұл өзі жүр еді - деп - қолға түспей Мәз болып қуанып түр күліп іштей Қарамай, мойын бүрмай жүруші еді Айтқаны, әзіл созі бір үйлеспей. Басқага қанша айтса да кезек бермей Есет түр өзге адамга ешбір көнбей. - Бүл қызды өзім қуып жетемін - деп Айгай сап өз-өзінен түр өзеурей. - Ол қыздың жүруші еді ызасы етіп, Кетеді мойын бүрмай қүр жарқ етіп. Арманым өмірімде болмас еді Бір сүйсем ақша беттен қуып жетіп. Ер жүрек жігіт еді беті каіітпас, Сескеніп еш адамнан жалган айтпас, Жұрт күлер анкаулығы тағы да бар Ақ көңіл берген уәде, серттен таймас. Ашумен намыс қысып атқа мінді, Сыбанып жаланаштап білек түрді. Адамдай төбелеске дайындалган Көргенде мүның түрін бәрі күлді. Кенеттен қыз атына қамшы басты, Құйғытып екеуі де белден асты. - Қызығын енді мүның көреміз деп У да-шу бәрі қуып араласты. Қуғанмен қызды қанша жете алмапты, Ауылға бетті түзеп, қайта шапты. Тепелеп тор бестісін басқа, көзге Есет ер жан-жагына қарамапты. Келеді енді мүны Бикеш қуып, Кер тарлан қалған екен таяп жуық. Жігітке қамшы үйіріп келе жатыр Алдына жау түскендей түсі суық. Ақыры қыз кеп жетіп қамшы салды, Қапыда тиген қамшы басты жарды. Есет ер масқара боп келе жатыр Жагып ап бет-аузына қызыл қанды. Өмірде қорлық бар ма мүнан жаман, Достары жерге қарар үялғаннан. - Өзіне өркөкірек сол керек - деп, Дүшпаны "шоқ-шоқ" десіп табалаған. Жиналып бірі қалмай бәрі келіп. Халық жүр көңілденіп қызық көріп. Ойнатып астындағы тай, қүнанын Бала көп үлкендермен жүрген еріп. Мэз қылып бүкіл жұртты қызық думан, Жігітті көрсек - дейді - қызды қуған. Қыз жетіп жігітті урып келе жатты Ол сорлап қара термен бетін жуған. Келеді енді екеуі қатарласып, Қанатқан жігіт бетін жазым басып. "Мынау іс үят бодды"-ау деген оймен. Кенеттен қыз қызарып, қалды сасып. - Ағатгық бір іс болды менен кеткен, Жоқ еді кек алардай менің өкпем. Қамшыны сілгегенде білмей қалдым, Басыңды жаратындай қалай жеткен. - Істеген қасақана іс демеймін. Мүныңды ауырсынып елемеймін. Өзіңе наз ғып айтар тілегім сол. Бетіңнен бір сүйгізбей кешірмеймін. ¥ялды қыз жігітген бетін бүрып, Жүргенде еш адамнан түспей қүрық. Жетпесе қыз жігітке сүйгізбейді, Әүгелден бүл сақталған мықты ғүрып. Сүйгкенше ел шетіне келіп қалды, Екеуін жүрт шуласып ортаға алды. - Тусаң ту осындай боп, көп жаса, - деп Жаңғыртқан дауыс шықты бүкіл манды. Бикешті кошамеггеп улкен-кіші, Сүйсінді бөрінің де бурып іші. Дейді олар: ”Ер бала боп туғанында, Жау жүрек болмас еді мүндай кісі. Түсіріп ат үстінен алды жайлап, Шуылдап куанады бәрі айғайлап. Жігіттің жүрегіне шоқ түсіріп, Қызарған екі беті гүл-гүл жайнап. Жүргендер жанаса алмай жақсы көріп, Қүттықтап мәз болып жүр таяу келіп, Бүлардың ортасында Уызбай жоқ Неткен жан - деп ойлады - дәті берік. Көзімен Бикеш сүзіп бүкіл елді, Жалтактап жан-жагына қарай берді. Күлімдеп ат үстінде қарап түрған, Кенеттен Уызбайды көзі көрді. Түрса да жақын келмей мүнан қашық, Қуанган жан секілді көңіл тасып. Жалт еткен көздерінен түсіністі Алыстан сөйлеспей-ақ екі ғашық. Қуаныш, ойын, күлкі болып шатты Қызықты күндер зулап өтіп жатты. Сүйретіп үзын қүрық қарына іліп, Бір күні Бикеш шыгып жылқы бақты. Найзасын, садагын да жауга кезеп, Жастары жылқы багар кезек-кезек. Жау шауып типыл қылып кететін де Қалдырмай тігер түяқ өртеп өзек. Ата-ана қарсы келіп қақпай беттен, Бикешті бұла қылып еркелеткен, Жүрегі көп жігіттің өртенетін, "Болар - деп - кімге нәсіп бұл бойжеткен". Басы бос, әлі ешкіммен атаспаған, Бойсүнып өзі ешкімге жанаспаган. Келгендер бос әуре боп аламын деп, Кететін іші күйіп көрген адам. Жігіттің бірде-бірін үнатпайды, Бетіне ешбір жанды қаратпайды. Бәрі де аң-таң болып, қызганып жүр, Беріліп сүйгеніне Уызбайды. Сүйкімді мінезімен көпке жаққан, Бәрінен қүрбы-қүрдас қолдау тапқан. Ат жарыс, садақ тартыс бәрін істеп, Багысып түнде жылқы түспейді аттан. Жаратып, баптап, күтіп мінген атын, Белдесіп жігіттермен сайысатын. Жігіттер қатар жүріп сырын білген Келуге оған қарсы қаймығатын. Үйретіп бүл өнерге қүрбыларын, Жүреді маңайына жинап бәрін. Аударып жігіттерді аттарынан Күлкі ғып келтіреді ойын сәнін. Өр кеуде өзіне-өзі сенгендері Шарт қойып шақырады: "Кел - деп - бері Аударып ат үстінен жүлып алсам, Кетемін бір жолата алып сені". Қыз шықты бұл шартқа да әбден көніп, Жұрт та мәз бұған карап, тұрған төніп. Палуан деп бөрі бірдей мақтап журген, Ұстасты ат ойнатып Жақан келіп. Ынғайлап қос қолтыққа созып қолды, Көтеріп қызды алдына алмақ болды. Қайтарып не қылса да жігіт бетін, Қыз турды қайыспастан бөгеп жолды. Қаншама ойнақтатып келсе де атты, Мақсаты ойына алған болмай жатты. "Таптың - деп - тегін олжа" мазақтаған, Жаңына жігіттің де қатты батты. Бірінің қызды жеңіп, бағы жанбай, Жігіттер беті қайтып кетті талай. Серт беріп іштерінен кіжінеді, "Айттырмай қоймаймыз - деп - осыны алмай". Айдалып жауға жем боп кетсе малы, Қалады артында ел шығып жаны. Қазақтың малсыз болса, күні қараң, Мал ғана кунелткені, қарағаны. Кореді жиған малын жаннан артық, Байлығы, бақыты сол журген шалқып. Болады ішер тамақ, киер киім, Журетін көлігі сол жугін артып. Өзінің қудай берген несібесін, Қалайша үйқы кормей күзетпесін. Жүреді кезектесіп мал соңында, Ескермей жауын-шашып, өрте-кешін. Жылкыда көңілденіп жүрген адам, Ерекше бүгінгі түн маужыраған. ІПалынып Уызбайдың қүлагына Естілді тамаша ән тамылжыған. Әуенге ынта салып, қалды қатып, Барады түла бойын шымырлатып. Бір уақыт есеңгіреп есін жиды, - Анық бұл Бикеш-ау - деп, - ойға батып. Тұп-тура соның сүйіп айтар әні, Ол айтса осы әннің де келер сәні. Кететін естігеннің бойы балқып, Сүйсініп жай табатын адам жаны. Тебіреніп, таяу келіп тыңдап түрды, Айтылған әннен үғып терең сырды. Әсем ән түнде көкте қалықтады, Оятты үйқысынан ой мен қырды. Жайлаған басқа жаққа көшіп елі, Көрген жоқ қызға келіп көптен бері. Балқытып түла бойын алып кетті, Табылып сағынышпен іздегені. Бикештің тіпті ерекше бүгінгі әні Қүлақ сап елжіреп түр жігіт жаны. Балқытып түла бойын сүйсіндіріп, Сондағы мынау енді тыңдағаны. "Қалқаны көрмегелі көп күн болды, Ауылы жырақ кетіп, алыс қонды, Басына ойда жоқта не түсті деп Коп ойлап, сарғаюмен өнім солды. Арасы ек'і ауылдың қашықтадьқ Уызбай бір көрініп, қатыспады. Алданып әлдекімге қалды ма екен Келуге неге мұнша асықпады? Кеткен көш қайта айналып оралмайды, Ауылым жақын барып қона алмайды. Қырындап қырық жігіт келсе дағы Бірі де Уызбайдай бола алмайды". Көңліне қыз айтқанның бәрі ұнап, Кетердей бой балқыды аттан кулап, Бикешті саргайтпай кеп көрейін деп Сабыр қып тұра алмады енді шыдап. Білісті амандақты қушактасып, Жолыгып сағынышпен екі ғашық. Аспанда көп жулдызды куә кылып, Отырды көңілдері шалкып тасып. Жіберген куанышқа әбден бөлеп, Бүгінгі түннің тіпті жөлы бөлек. Жастардың шаттығында шек болмады, Көңілін күдіктенғен алған демеп. Атқызды күліп, ойнап қысқа таңды, Атқанын танның жылдам білмей қалды. Таралып күн сәулесі келе жатыр Қүлпыртып нүрға бөлеп айналаны. Кетуге бірін-бірі түрды қимай, Бірігіп кеткендей боп жүрек тулай. Амалсыз қүшақтарын жазып алды, Келеді кең далаға енді сыймай. Жай басып, колтықтасып отқа барды, Ынғайлап шылбыр, тізгін қолына алды. Аттанып кетейін деп түрғанында Қүйғытып біреу шауып келіп қалды. Бұзылып кеткен мүлде түсі суып, Кетердей таптап, жаншып келді жуық. Терлеген астында аты ақ көбік боп, Жүргендей жан таласып, қасқыр қуып. Ашумен сойлей алмай дірілдейді, Дауысы жыртқыш аңдай гүрілдейді ¥ятсыз оңбағандар екеуіңді Түнімен жаңа тауып келдім - дейді. Бүл келген ашу қысып Есет екен, Буыпты бүзықтыққа белді бекем. Айгайлап қамшы үйіріп, кіжініп түр, Артық сөз айтпаса да оган бөтен. Агызып, сорғалатып қызыл қанды, Қамшымен аямастан тартып қалды. Қамшысын Уызбай да қолына алып, Атына жылдам ыргып мініп алды. Уызбай тиіспейді сабыр сақтап, Бүзықтық қылмайын - деп жолдан аттап. Сөздері Бикешті де жеркендірді, Былапыт сөздер айтып, түрған боқтап. - Не жаздым ашуланар сонша қатты, Ұрғаның жанды ауыртып, тәнге батты. Бетіңе қарсы келген жан емес ем, Қызыл қан сорғалаған бетті жапты. - Үндеме сендей итке осы керек, Кім едің асып кеткен елден ерек? Қызында біздің жақтың жұмысың не? Қойғандай меншіктейсің калың төлеп. - Шыдай бер не қылсам да аузыңды ашпай, Қарсы сөз айттың қалай коркып саспай? Аз болса сені тіпті жентектейін Етейін бұл маңайға жоламастай. Үмтылды урмак болып мұны тағьқ Қамшысын көтеріп ап қолындағы Зорайтып өзін ер қып көрсетпекші Қалсын деп қыз козінше сынып сағы. Жұлқыскан ат үстінде басталды айкас, Шегініп екеуі де беттен кайтпас. Түйіліп, қатуланып Бикеш түрды, Бүларға "араша" деп ешкім айтпас. Қозғалмай қарап қалды сабыр сақтап, Жаны ашып Уызбайды іштей жақтап, Ойлады арашаға түсейін деп Қыз сөзін елең қылмай, кетпес аттап. Бір кезде түсті екеуі аттан ауып, Аттары шыға келді қатар шауып. Аянбай жанын салып жүлқысып жүр Екі ердің біреуіне тонген қауіп. Үмтылды Бикеш барып атқа қарай, Үстады шылбырлардан келіп жанай. Алысып аударыспақ ойнағанда Бос атты жібермейтін ұстап талай. Жетектеп екі атты да адып келді, "Тоқтат - деп - төбелесті" белгі берді. Тұрғанын қыздың келіп арашалап Ерлердің құлағы естіп, көзі көрді. Бетінен сүртіп тастпап тер мен қанды, Екеуі қыз бетіне қарай қалды Танданып: - Енді бізге не айтар - деп Сөзіне сабыр сақтап, қүлақ салды. Жігіттер, алыстыңдар, жыгыстыңдар, Жан салып аянбастан жүлыстыңдар. "Қол сынса, жең ішінде" деген бар гой Ендеше татуласып, үғысыңдар. Түрғам жоқ бірді боқтап, бірді мақтап, Біріңді кетпексіңдер бірің таптап. Күш болса бойларыңа сыймай жүрген Аямас қойсаңдаршы жауға сақтап. Жақсы адам бір-бірімен алыспайды, Жауыгып қүр орынсыз шабыспайды. Екі елдің екеуіңде мырзасысың Мырзаға ырылдасу жараспайды. Не болды төбелесер жанды аямай, Қагысып антүрғанның саягындай. Екеуің ел бастарлық ерлер едің Қараисың жүрт бетіне енді қалай? Жақсыга жақсы адамдар жат болмайды, Ерлерді әр уақытта ер қолдайды. Күйттеген қара басын адам болса, Қосылып қатарға еніп еш оңбайды. Дейді ғой "Ер шекіспей бекіспейді", Жақсылар бір-бірінен кетіспейді, Құшақтасып, серт байласып дос болындар Қас болар сендерге не жетіспейді. сөзін. көзін. Екеуі тыңдап тұрып қыздын Қоағалмай қарап қалды тігіп Меңгеріп бойды билеп әкеткендей. "Ойға алса. дос бол" деген қыздың сөзін. Уызбай жетіп барды құшак жайып. Есет те досгасуды көрмеді айып. Ойлады: "Жігітке зор уят-ау - деп, Қайрылмай қыз сөзіне кетсе тайып". Жігіттер қыз сөзінен кетпей асып. Дос болды серт байласып. құшақтасып. Көргенге мэрттік мінез риза боп, Шаттанып Бикеш көңлі турды тасып. Атты да. киімді де айырбастап. Шынайы достық жолын кетті бастап. Үшеуі өлеңдетіп елге қайтты Араздық. қызғаныштың бәрін тастап. Жулқысып көп шайқасқан қазақ, қалмақ, Бір-бірін элі жетсе, журген таптап, Бүкіл ел сақайдай боп сай түратын Қару ап. тұлпарларын мінген баптап. Өзінің туған елі, жерін сүйіп, Сол үшін жүреді екен жаны күйіп. Ешбірі ел намысын қорлатпаған, Өлсе де қүл болмапты басын иіп. Жау келіп қазактың кең даласына, Жук түскен бүкіл казақ баласына. Болыпты жан түршігер қанды шайқас Абылай хан боп түрған шамасында. Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы, Алыстан қызықтырып көз тартады. Егіздей қатар аққан Есіл, Нүра, Ерекше шүрайлы жер Арқадағы. Бәріне жау жасағы басып кіріп Ойрандап кең өлкені салған бүлік Абылай қалың қолмен жауға аттанған, Шықсам деп талқан қылып, бәрін түріп. Коп қалмақ бет түзеген Нүраны өрлеп, Ойы бар бет қаратпай бәрін жеңбек. Әзірше беті қайтпай өршеленген Алдынан кім шықса да таптай бермек. Жолында түрған елді адам демей, Келеді жаншып басып жермей теней. Қан басқан екі көзін жыртқыш жандар, Өзінен басқа адамды қойған кормей. Көп жанды қырып, жойып зар еңіреткен, Тірісін сескендіріп тентіреткен. Жау таяп келе жатқан хабар тиіп, Шал-шауқан, бала-шаға босып кеткен. Есет пен Уызбайлар аттан салып, Ат жетер аралады елге барып. Төнгенін елге қауіп білгендердің Қорқақтап қалғаны жоқ үйде қалып. Топ кұрды екі жігіт елді бастап, Бұлармен жүрді бірге Бикеш қостап. Қолына бес қаруын тегіс алып, Жеткізбей мақсатына жауды тоспақ. Не қымбат өскен елден, туған жерден, Қорлыққа жан төзер ме халық көрген. Жауына басынды иіп, қүл болғанша, Одан да артық дейді майданда өлген. Кіжініп жігіттер жүр ат ойнатып, Машық боп найза сілтеп, садақ атып. Күндіз-түн қарауылдап ат үстінде Бірі де көрген емес үйде жатып. Жеткізбей қалын елге жауды бөгеп, Екпінін бассақ дейді біраз тежеп Малынан жүрдай болып босқын келді Шүбырып атты, жаяу бөлек-бөлек. Көп жердін елі кетіп, жүрты қалды, Қалайша сақтаймыз деп мал мен жанды. Өрт шалып жаудың басып кірген жерін, Жан төзбес айуандықпен жүрт тоналды. Жау қаптап оршеленіп келе жатыр, Бет қайтпас шеттерінен нойан батыр. Ешкімге жаны ашитын түрлері жоқ, Орнатқан ел басына заман ақыр. Биікте күн келеді түске таяп, Қозгалып корінген жан некен саяқ. Жаушылар жау жетті деп хабар берді, Айқаспақ бірі қалмай жанын аяп. Қан сорпа ентігіп тұр астындағы ат, Сансыз қол - дейді - толған бір ғаламат. Қарсылас қауіп бар деп елемейді Лек-лек боп келе жатыр жайбарақат. Көрінді алдыңғы лек шығып белге, Жететін тоқтамаса көшкен елге. Оларды қаң қақсатып тонауы анық, Қалдырмай қарсы шықса тірі пенде. Алдында жау бар ма деп жерді шолған Жаушысын қазақ қолы усіап алған. Тоқтайтын ат шалдырып түрлері бар Күтпек боп басқаларын кейін қалған. Жайласты-ау ат жіберіп деген кезде, Атой сап қазақ қолы шықты лезде. Қапыда қалғанына қалмақ састы Өкінер бір іс болды көрер көзге. Дегеннің қауіп, қатер бірін білмей, Ешкімді келе жатқан козіне ілмей. Масайрап оз күшіне әбден сенген Шыңдалган берік болып тас түйіндей. Біразы атқа жетпей жаяу қалды, Көп атты қазақ жағы айдап алды. Қараңғы түскенінше айқас болып Жусатып коп қалмақты қырып салды. Ерлерге жігер беріп жаудан қайтпас, Сәтті боп аяқталды бүгінгі айқас. Жасқаншақ қорқақтары болды ғой деп Қазақтың жіғіттерін ешкім айтпас. Ұйқысыз сактыкпенен өтті бір түн, Белгісіз не күтіп тұр ертеңгі күн. Бәрі де каііраггаіп ан, жігерденген Шайқастан таяр емес әлі де ешкім. Тан атты, күн қызарып қан сиякты, Қарады назар садып дүшпан жақты. Кешегі майдан болған кең далаға Қалын кол жер кайысып келіп капты. Жаркылдап күн көзімен сауыт, сайіиан, Тасқындап айбынды күш қанат жайған. Қалың қол тас түйін боп сайланып түр Бір түнде үлгерді екен келіп қайдан? Білген соң дәл кешегі болган сырды, Кектеніп біздің жаққа іиойын бүрды. Ойлары-не қылса да кек қайтару Сап түзеп, келсең кел деп күтіп түрды. "Жан қалмас қорыққанмен" - дейді қазақ, Оданда шайқасқан жөн болмай іиазақ. Жаушылар кеткеніне үшінші күн Кешікпей хан қолы да келіп қалмақ. Жиналып әр жерден қол келіп жатыр, Кейсінің жалғыз өзі жүзге татыр. Бәрінен көзге ерекше корінеді Жас кыран жалындаган Тілен-батыр. Мәмбеттен шыққан қайсар Шүрек батыр, Топ күрып жігітгерден өңшең батыл, Ойнатып түлпарларын астындагы -Көрсет -деп - жау кайдалап келе жатыр. Шеп кұрып, қатар түзеп жау бекінді Қазақтан әлдекайда көп секілді. Ортаға біреу шыгып, ат ойнатып, Шақырып жекпе-жекке көпке өтінді. Түлғасы шеккен нардай кара калмак, Талайды қарсы шыққан жүрген жалмап. Ажалдың жан түршігер нағыз өзі Бетпе-бет мына дәуге қарсы бармақ. Бәрінің алып жауды көзі шалды, Батырлар бір-біріне қарай қалды. Мынаган жеңемін деп бару қиын, Түйіп ап шүберекке шыбын жанды. Шыдамай намыс қысып Тілен батыр, Сескенбей жекпе-жекке бара жатыр. Тып- тыныш екі жақта бола қалды, Бүл шайқас бітеді - деп - немен ақыр. Қатерлі басталды айқас жан аямас Намысты жібермеуге болып талас. Түлпарлар көкке шапшып тірескенде Тамшылап тер төгілген қан аралас. Шатырлап қағысқанда найза сынып, Қынаптан қылыштарын алды жүлып. Тамағын ашық түрган көздей келіп. Жіберді жылдамдатып қылыш үрып. Бүл түгіл бүдан зордан жүрген аман, Дәу қалмақ менсінбей қүр шалқақтаган. Өзінен әлде қайда кем түтып түр, Келер деп мүнан қауіп сақтанбаған. Қалмақтың түсіргенде басын шауып. Қүлады бәйтеректей аттан ауып. Асырып абыройын сүйсіндірді Арылып ер басына түскен қауіп. Орнатып дүшпанына заман ақыр, Айқастап шықты жеке Тілен-батыр Рухы көтеріліп казақтардың Артынан бәрі атой сап келе жатыр. Батырлар елдің мүңын, сырын үққан. Бірігіп жауга аянбай қарсы шыққан. Өскен ел, туған жерін алтын бесік Дүшпанға қалай бермек келген сырттап Жау келсе баса көктеп тартып шеру, Емеспе жерді беру - жанды беру. Таптатып ел, жүртыңды қойғанынша Абзал гой қанды төгіп майданда өлу. Қарамай шықсадагы шыбын жаны, Қалганша айқаспақшы қасық қаны. Шаң-тозаң бүлт боп басып күннің көзін Аққан қан, шыңгырган ат майдан маңы Түс ауып, болып қалды үлы бесін, Бүл кезде жиып алды қалмақ есін. Қазақтың біреуіне екі-үшеу кеп Кешегі қайтармақшы кеткен өшін. Ақ байрақ желпілдеген Уызбайда, Бар жігіт бір өзінде күш те, айла Ілінген ел көзіне ерлігімен Дәл мүндай үміт ақгар жігіт қайда. Кенеттен ту кнслііды жерге гусін, Атының калған екен жалын қушып. Есет кеп түсірместен устай алды Жан салып, топты жарып келген ушып. Шайқасты бастан аяқ байқап турған, Ат қойды бір топ адам тусіп қырдан. Жау жағы байқап қалып шыққан шаңды Келді деп қалың тың қол қауіп қылған. Біреу жүр келе сала найза туйреп Душпаннан біраз адам қалды куйреп. Қыздырып қанды урысты кайта әкетті Азайып қазак колы қалған сиреп. Жабылып бірнешеуі бір адамға, Қамалап жан-жағынан алды ортаға. Жулқынып бой берместен қимылдап жүр Ұқсайды қайтпас жүрек мықты жанға. Қалың жау шуылдасып қоршап алды, Желкеден біреуі кеп найза салды. Кушімен көк найзаның еңкейгенде Басынан дулығасы түсіп калды. Қан жуып кеткен екен екі бетті, Жайылып қалың шашы желп-желп етті Көрғенде қыз екенін ер деп журғен Таңғалып калмактардың есі кетті. Болар деп кім ойлаған қыз да мүндай Көргенде тусі қашып болды сүмдай. Айқасса ел, жері үшін бәрі осылай Ойлады - қоймас-ау деп бізді қүртпай. Қазактар жауға тиіп от жасылдай, Сескенбей аз болса да бір жасымай. Маржан-кол даласына толған жауды Құндызды өзенінен жүр асырмай. Көбекпен тізе қосып Тілен батыр, Дүшпанға түсіріп жүр заманақыр. Соңынан ерген қолы тас түйіндей Ер жүрек шеттерінен бәрі батыл. Шаршаган жаралыны колдап демеп Дүшпанды еркінсітпей жүрді бөгеп Ашылып жүрғен жері жол болады Ерекше өзгелерден жөні бөлек. Қалмақтар қайратганды тың қол келіп, Ұмтылды күштеріне бәрі сеніп. Барады қазақтарды ығыстырып Алмақшы бет қаратпай жылдам жеңіп. Қаншама айқасқанмен буып белді Қазақтың аз қолына, қауіп төнді. Бәрінің кеудесінде бір-ақ арман Өлмекші корғап жүріп ел мен жерді. Ауырып жаны күйіп ел дегенде Ойнақ сап туып өскен жер дегенде Жер қүшып бәрі бірдей қалар еді Хан бастап қалың әскер келмегенде. Кәрінді түйдектеліп жоннан асып, Жер емес көп күттірер сонша кашық. Көтеріп еңселерін қайта айқасты Жігіттер қоргалақтап қалган жасып. - Қас жауым қайдасың - деп - қалың қалмақ Аттанған хан басгаған өңшең сандақ Қазақгы қан қақсатып келе жатқан Дұшпанның өз басына ойран салмақ. Жауларын жермен жексен еткен талай, Ерекше көзге түскен қарт Бөгембай, Жэнібек, Баян, Сары, Байғозылар Ұмтылған ані}' қысып арыстандай. Сенетін. сүйсінетін туған елі, Шетінен жігіттері ердің ері, Шегініп жаудан қайтар түрлері жоқ Бәрі де жайнап түрған көкжал бөрі. Ат қойды қамшы басып. жүлдызша ағып. Тиісті екпіндетіп дабыл қағып, Ентелеп еркінсіген қалың дүшпан Қалғандай зәресі үшып, естен танып. Айқасып талай жаумен бүдан бұрын, Ұрыстың бастан кешкен нелер түрін. Бәрі де қаһарына мінген ерлер Қалдырмай жауды күмақ бірдечлрін. Шегінбей айбаттанып қалың қалмақ ¥рысты күшін жиып жанын қармап, Жеңістің тазразысы қазаққа ауып, Түскендей бастарына ауыр салмақ. Қатты үрыс күн батқанша қыза түсті, Боялып қызыл қанға жердің үсті, Шегіңді екі жақта тыныстауға Айқаспақ ертең тағы жинап күшті. Қызарып қанданғандай мөлдір аспан, Күн шығып төңірекке сәуле шашқан Қарасы таяу жерде көрінбейді Секілді бұл маңайдан қалмақ қашқан. ¥рыста жаудан өлген соққы тиіп, Ерлерді танып теғіс алды жиып, Көргенде Бикеш қызды жүрт толқыды - Жерге біз көмеміз - деп қалай қиып. Жайылып будыраған қолаң шашы, Қиылып ақ маңдайға түскен қасы. Нүрланған екі беті тірі адамдай Көргеннің тиылмаған көзден жасы. Найзамен қанжар, қылыш жерді ойды Екеуін Уызбаймен қатар қойды - Кетсін - деп - мінген атын өзі мініп, Есет кеп астындағы атын сойды. Қазақтың асыл қызы елін сүйғен Қүрбан қып шүберекке жанын түйген Жерімді жау аяғы баспасын деп Атой сап, жан пида деп жауға тиген. Аңыз ғып есте сақтап туған елі, ¥мытпай келе жатыр содан бері. Уызбай, Бикеш болып аталады Олардың мәңгі бірге жатқан жері. Бүл озі тамаша жер жанға жайлы, Мал қаптап жайылады екі сайды. Арнасы кеңи келе өзен болып, Ертеден ел мекендеп қанат жайды. Шүйгінге каптап келіп ел конатын, Бүларга садақа қып мал соятын Жанында жүрттың мәнгі сақталсын деп Беріпті екеуіне жердің атын. Халқы үшін қүрбан қылып қара басын, Жүртым деп жүта алмаган ішкен асын. Қазақтын асыл қызын кім үмытар Жан берген қорғаймын деп ел намысын. Кезеңді қилы-қилы корген талай Бәрін де біліп түрды хан Абылай - Қайтарып жаудан кекті аламыз - деп Жөнелді шеру тартып алға қарай. Тіленді атандырды "І»агыр-басы” Сүйсінді бәрі қолдап кәрі-жасы Қайтпайтың алған беттен өжет ердің Қалатын жер жастанып қарсыласы. Жауменен майдандасып жүргенінде Қимылын хан үнатты коргенінде Жүлқынып жолбарыстай атылып жүр Беттетпей қатты соққы бергенінде. Қүрметтеп кім болса да басын иіп, Үйренген ерлік қылған ерді сүйіп Жөнелді бір топ қолды өзі бастап Тіленге жауды тежеу ерік тиіп. Батырлар атқа мінді маң-маң басып, Жүргені корінбейді қорқып сасып. Тазартын Арқа бойын жауды қумақ Дүшпанды түрақтатпай кеткен қашып. VIII. Нұраның жагасында биік төбе Талай ел, талай журтты көрген көне Қастерлі Жауыр-тау деп аталады Жай ғана кәп төбенің бірі деме. Осының жау бекіпті етегінде, Құр кашып бір шайқаспай кетеді ме? Ашынган арқасына соққы тиіп, Күші әлі шайқасуга жетеді де. Жау жүрек ерлер бастап беті қайтпас Қан аққан жан аямас басталды айқас Бүлт болып көтерілді шаң мен тозаң Галамат кыргын болды адам айтпас. Ерлерді ашындырып намыс буын Жаудан бір сескенбеді түсі суық. Алысып арыстандай жан аямай Дұшпанды талқан қылып шықты қуып. Жиналып батыр, билер өз қасына, Абылай шықты биік тау басына. Сүйсініп тұрды бәрі қолды керіп, ¥қсаған жауға тиіп көк жасылга. Айқасып ел, жері үшін жан аямай Мерт болды қазақган да ерлер талай Қалмақтар жанталасып, қаша үрыс сап Шегініп бара жатыр жанын қармай. Ала ту көкте биік желбіреді, Қалмақтың қалың қолы селдіреді Дүшпанның ел мен жерді таптап келген Басына ажал бұлтын тондіреді. Батырлар хан бастаган белді буып Шайқасып талай жаумен жүрді жуық Арқаның қасиетті жерлерінен Қалдырмай біреуін де шыкты қуып. Байғозы, Сары, Баян, Тілен батыр Орнатты дүшпанына заманақыр Үмтылып тас түйін боп қазақ қолы Кіріскен ел қорғауға бәрі батыл. Түратын майда қоңыр самалы есіп, Сарыарқа жан тербеткен алтын бесік Шайқаспай жау қолына қалай бермек Халқына жайлы қоныс болған несіп. Шаттықпен туган жерін қайта жайлап, Ел жүрді көк шалғынға бие байлап Жазылып жаудан қалған жаралары ¥л-қызы бойын түзеп, ості жайнап. Халықтын көңілденіп көңілі өсіп, Масайрап кең өлкед жүрді көшіп. Мал бағып, бала осіріп масайрасып, Жерінде өмір сүрді алтын бесік. Арманы кәрі жастың орындалып, Қуаныш, қызық корді бүкіл халық. Жаулардан қорғап қалган кең далада Еліміз еркін жүрді сайран салып. Бірақ та ел тағдырын терең ойлап, Хан жүрді ауыр ойға терең бойлап. Талқандап қалмақ қолын женгенменен Батыстан шыққан жауды қалай жоймақ. Қауіптің қатерлісі батысқа ауып, Түнерді қара бүлт боп көкті жауып. Дал болды үйқы көрмей хан Абылай, Қалайша қүтылам деп жолын тауып. Көрінді жаудың беті тіпті қиын, Салынар жоқ секілді бүған тыйым Қиналтып, өзек өртеп жанды жейді Тағдырдың күтпеп еді мүндай "сыйын". Ойлайды "не болар - деп - кейінгі үрпақ, Тор салып, қазақ жерін алса шырмап, Мойнына бүлқындырмай бүғау түссе, Сорлы елім қайда барып, қайда түрмақ. Бүл сүмдық үйықтағанда түсіне еніп, Қауіпті болжап білді түрған төніп. - Қүл болып кетеді-ау - деп қынжылады Амалсыз дегеніне бәрі көніп. Еркіндік кетеді-ау деп көпке бармай, Түнеріп ойға қалды хан Абылай Теп-тегіс жолын жайпап келе жатыр Бүл тажал бәрін жүтып аждаһадай. Осылай халқын ойлап хан қайғырды, Жан шошып, тиыш таппай аласүрды. Ханды да, халықты да қапа қылған Қайтерсің қайрымы жоқ сүм тағдарды. Қалтқысыз елі, жерін жаны сүйіп, Алысқан жан пида ғып жауға тиіп, Қазақтың үл, қызының аруағына Сөзімді аяқтаймын басымды иіп. МАЗМ¥НЫ. ТОЛҒАУЛАР Қуан қазақ азаттық алғаныңа! 5 Жайсаң жан туралы толғау. 22 Қарттың тілегі 28 Ашынғаннан шығады ашы даусым 33 ӨЛЕНДЕР Нура самалы 37 Бала көздің жанары 40 Көл қайғысы 41 Көбетей тойы 42 Түркістан - түркілер төркіні 44 Сенгеніміз Нүрсүлтан 46 Әке мен Бала 48 Сот алдында. 51 Шын досқа неге көз салмайсын? 53 Не болды сәулем білмеймін 54 Үнатамын 55 Шаттанамын Оқушы ойы 56 Ауыл таңы 57 Қүштарлық 60 Болмасын соғыс Көк терек 64 Аққулы көлде 65 Ей, адамзат! 66 Сауыншы қыз 67 Қойшыға 69 Бағбанға 70 Туған жерім 71 Қойшы тілегі 72 Соға бер жүрек талмашы 73 Көштің алды 73 Тілімнің ұшырарсың киесіне 76 Үш арыс 79 Абдолла 80 Кәрім 80 Сәйділ 82 Баянды бақыт қонсын қазағыма 83 Желтоқсан лебі 86 АРНАУ ӨЛЕНДЕР 89 Табынамын Абайға Мағжан 91 Қайғырамын қан жұтып 93 Ғалымның арманы 95 Өссін қазақ өркендеп қанат жайып 98 Алаштың ахаңы 101 Тіледі елдің бірлігін 104 Сәнен тойында 106 Асыл азамат 109 Әулиедей пір тұтамын қадірлеп 111 ДАСТАНДАР Мешкей мешін 115 Уызбай - Бикеш 144 Осы кітапты шыгаруға көмек көрсеткен аудан әкімінің орынбасары Әдиша Есмағанбетоваға, Көбетей ЖШС-ң басшысы Сәбит Қадденовке, Көбетей ауыды-ның әкімі Еділ Түрановқа зор ризашылықпен алғыс айтамын. Формат 60 х 80/16 Қаріп түрі ВаНіса. Офсеттік қағаз. Таралымы 500 дана Тапсырыс № 3568. Бағасы келісімді.